Мырзағали Айсарин. Кітап пен Интернет: қайсысын қолданған тиімді?
Әлемдегі дәстүрлі қағазға басылған кітаптар мен интернет-сайттардағы ғылыми ресурстардың қайсысы тиімдірек, ыңғайлырақ деген тұрғыдағы даулар еш толастар емес. Баспагерлер мен олардың тұтынушылары қағазға басылған кітаптардың сапасын, ұқыптылығын, ғылымилығын алдыға тартса, интернет-тұтынушылар ғаламтордағы ресурстардың әмбебаптығын, үнемділігін, қолдануға ыңғайлылығын айтады.
Осындай дау-дамайдан шаршаған болуы керек, Ұлыбританияның Брайтон (Brighton) колледжінің студенті Роб Мэтьюс ғаламтордағы ең көрнекті әрі көп пайдаланылатын Уикипедия энциклопедиясындағы маңызды-маңызды деп танылған мақалаларды жинап, оны кітап қылып шығарыпты. Ағылшынның Telegraph газетінің ақпаратына сенетін болсақ, бір ғана данамен жарық көрген Уикипедия энциклопедиясына 430 мақала енген. Уикипедияның қағаздық нұсқасын жарыққа шығаруға небары екі апта уақыт қажет болыпты.

Кітапты шығарушы Мэтьюс өзін бір керемет ерлік жасадым деп санамайды. Бұл қадамымен ол адамдардың интернет пен ақпарат саласына тәуелділігіне назар аударғысы келген екен. «Мен интернет-сайттар мен дәстүрлі энциклопедияларды бір форматқа ауыстырып, оларды көрнекі түрде салыстырғым келді» - дейді жас талапкер. - Көптеген адамдар ақпарат алу үшін интернет-ресурстарға жүгінетіні анық, алайда олардың ғылымилығы, толықтығы күмән тудырады». Сондықтан да студент жігіт өзінің ғылыми негіздері, толыққандығы, ұқыптылығы, бейтараптығы тұрғысынан шүбәсіз деп танылған Уикипедия мақалаларын жарыққа шығаруға тырысыпты. Мэтьюстің айтуынша, кітапты жинақтап, оны жарыққа шығару оңайға түспепті. Бес мың беттен асатын кітапты арнайы баспалық бағдарламада теріп, оны түптеудің өзі тегін нәрсе емес көрінеді. «Дәл осындай қалың кітапты маған дейін ешкім басып көрмеген екен» - деп таң қалады өзі.
Уикипедия - әлемдегі тұңғыш интернет-энциклопедиялардың бірі. Оның ерекшелігі, кез-келген тұтынушы сайтқа кіріп, басқа ресурстар мен мамандандырылған энциклопедиялардағы деректерді өз бетімен қоса алады. Сапасы жағынан алатын болсақ, бүгінгі Уикипедияның мақалалары әйгілі «Британика» энциклопедиясымен пара-пар. Бүгінгі күні Уикипедияда жүз тілдегі үш миллионнан астам мақала жинақталған екен.
Айрықша айта кететін жайт, осы Уикипедиядағы қазақтілді деректерді шорқақтығы мен мардымсыздығы. Мамандардың айтуына қарағанда, Уикипедиядағы қазақтілді мақалалардың саны, мысалы қарашай, қырғыз тіліндегі мақалалардың санынан әлдеқайдам аз екен. Осынымыз ұят болған жоқ па?
«Абай-ақпарат»