Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Қоғам 5648 0 пікір 11 Шілде, 2025 сағат 12:49

"Дикий Арманның" Қаңтар кезінде қашып кеткен сыбайласы елге қайтарылды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Қылмыстық топ басшысы А.Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды.

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Еске салсақ, "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің адамдары Қаңтар кезінде 34 адамды ұрлап, ұрып-соққаны анықталған еді. Ал Жұмагелдиевтің өзі 20 жылға сотталғанын жазған едік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 760