Бекболат Тілеухан: «Тіл жойыларда қостілділік пайда болады»
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Премьер-Министр К. Мәсімовке сауалы
«Мен сіздерге бір фактыны айтайын: Қазақстан Республикасында қазақтың тілін, мемлекеттік тілді білмей-ақ үлкен лауазымдарға қол жеткізуге болады; саяси ықпал жүргізуге болады; үлкен материалдық құндылықтарға, материалдық байлықтарға қол жеткізуге болатынын өмір көрсетіп отыр. Өмір шындығы сондай...
Ал енді мемлекеттік тілді жетік білгенмен, сіз, ресми тіл орыс тілінде нашар болсаңыз, шорқақ болсаңыз, жұмыстан шығасыз. Маған Астана прокуратурасында жұмыс істеген Жұбатқанов деген азаматтан хат түсті. Сол мемлекеттік тілге жетік болғанымен, орыс тіліне шорқақ болғандығының кесірінен жұмыстан кеткендігін айтып , зар илеп хат жолдады. Яғни, мемлекеттік тілді сіз өте жақсы білсеңіз де, ресми тілге шолақ болсаңыз, Қазақстан Республикасында үлкен лауазымға қол жеткізу қиын екендігін көріп отырмыз. Бұл менің пікірім емес, бұл факт.
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Премьер-Министр К. Мәсімовке сауалы
«Мен сіздерге бір фактыны айтайын: Қазақстан Республикасында қазақтың тілін, мемлекеттік тілді білмей-ақ үлкен лауазымдарға қол жеткізуге болады; саяси ықпал жүргізуге болады; үлкен материалдық құндылықтарға, материалдық байлықтарға қол жеткізуге болатынын өмір көрсетіп отыр. Өмір шындығы сондай...
Ал енді мемлекеттік тілді жетік білгенмен, сіз, ресми тіл орыс тілінде нашар болсаңыз, шорқақ болсаңыз, жұмыстан шығасыз. Маған Астана прокуратурасында жұмыс істеген Жұбатқанов деген азаматтан хат түсті. Сол мемлекеттік тілге жетік болғанымен, орыс тіліне шорқақ болғандығының кесірінен жұмыстан кеткендігін айтып , зар илеп хат жолдады. Яғни, мемлекеттік тілді сіз өте жақсы білсеңіз де, ресми тілге шолақ болсаңыз, Қазақстан Республикасында үлкен лауазымға қол жеткізу қиын екендігін көріп отырмыз. Бұл менің пікірім емес, бұл факт.
Мемлекеттік тілдің де қажеттілігіне бұқара әлі сенбей келеді, уәде көп, нақты жылжу жоқ. Менің айтайын деген мәселем, қазақ тілдің мәселесі ұлттың тікелей қауіпсіздігіне қатысты дүние. Әр ұлттың өзінің тілі ол сенің арың, намысың. Намысымыздың аяқасты болып жатқанына өзіміз де куә болып отырмыз. Алыстан мысалы келтірмей-ақ қояйын, жеке өз басымды алайын, мүйізі қарағайдай депутат болып отырғанның өзінде менің Тілеухан дейтін тап-тамаша фамилиям бар еді. Ол орысша Т мен л-дың арасында әріп болмайды ғой, бірақ осы менің парламент қабырғасына келгенде «и» дейтін әріп екі ортаға кіріп кетті. Содан қазір «Тилеухан» болып қалдым. Тілеухан қалпында барайын десем, ақшасыз қалатын түрім бар. Әділет басқармасының құжаттандыру бөлімдері ұлты қазақ азаматтарға туу туралы куәлік пен паспорт бергенде қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары сақталмай жазылғаны өз алдына талай рет айтылған әңгіме екені белгілі. Ал енді, Әбдіхалықтар әулеті дейтін әулет бар осы Астанада. Бір үйде төрт бала бар. Төрт баланың паспорты төрт түрлі. Біреуінде - Әбдыхалықов, екіншісінде -Абдыуалик, үшіншісінде -Абдухаликов, төртіншісі және басқа.
Баяғыда советтің кезінде Тілекқабыл дейтін азаматтың атасы Тілекқабыл деп қойған ғой, соны паспортқа Телекабель деп жазып берген, өзінің тіліне ыңғайлап. Сол Телекабельдің мәселесі әлі шешілмей жатыр. Егерде қазақ тілінің фонотикалық заңдылығына сәйкестендіріп, Владимир деген атты , «Уәлдімір, Блыдемір, Уәлдемар» деп жазып берсеңіз, ол есім иесі ашуланады. Ашуланғанның бер жағында сізге қауіп төңдіріп жіберуі әбден ықтимал. Онысы өте орынды. Ал өкінішке орай біздің қазекең аты-жөнінің қате жазылғанына төзуді әдетке айналдырып алғанымыз сонша, тіпті оған мән бермейтін күйге жеттік. Енді осыған нақты келетін уақыт бола ма?
Ал енді қазақ тілінің келешегі дейтін мәселеге келсек. Басқа ұлттарды айтпағанда қазақ ұлтының ата-аналарының басым көпшілігі балаларын орыс мектебіне беріп жатыр. Бұл олардың қазақ тілінің болашағына сенбейтіндігін көрсетеді. Осындай көзқарастарды болдырмау үшін біріңғай ұлттық тестің қорытындысы бойынша қазақ мектептерінің көрсеткіштерін, олардың нәтижелі жұмыстарын насихаттау керек. Келешек мектепке байланысты. Мектепке байланысты айтар болсақ, қадірлі әріптестер, осы Астана қаласында , сол жағалауда бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Мысалы, 40% қазақ баласы орыс сыныптарында оқиды. Бұған бірнеше себеп бар.
Біріншіден, қазақ балабақшасында немесе қазақ тобында орын болмағандықтан балаларын амалсыздан орыс тобына беріп отыр. Аралас балабақшада, мысалы, барлығы 10 топ болса, оның 2-і немесе 1-і ғана қазақ тобы болады. Айта берсек сөз көп. Қазіргі уақытта үнсіз ашылып жатқан орыс мектептерін көруге болады. Қысқартып айтайын, Астанада бір қазақ мектебі ашылса, екі орыс мектебі ашылады. Алматыда да солай. Мысалы, № 54 қазақ мектебі ашылғанда сол ауданнан № 31, № 5 екі орыс мектебі, № 56 қазақ мектеп ашылып еді, жарыса № 35, № 60 екі орыс мектебі ашылды. Қазақ мектебінде 1400 бала оқып, екі орыс мектебінде 400-ден және 600-дан бала оқиды. Сонда қазақ және орыс мектептері мұғалімдерінің жүктемелері жер мен көктей. Ал, алатын айлығы бірдей. Аралас балабақшаларда, мектептерде қазақ тобында, сыныбында бала көп. Сондықтан қазақтар балаларын орыс тобына, сыныбына береді. Өйткені сыныпта адам көбейген сайын оқу сапасы төмендейді дейтіні түсінікті. Мектептерде ағылшын тілі, орыс тілі 2, 3 топқа бөлініп оқытылады, ал, қазақ тілі сабағында оқушылар сыныпта 30-35 оқушы болса да топқа бөлініп оқытылмайды.
Енді ұлттың жағдайын айта-айта шаршағамыз. Еңбек Ері Аягүл Миразова «Айқын» газетінде былай деп жазған: «Төл оқулықтарымыздың сапасы төмен. Өйткені жаңа буын оқулықтарында кемшілік қанша айтылса да жойылмай келеді. Оқулықтағы мәтіндер оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне байланысты дұрыс берілмейді. Мәселен шетел оқулықтарынан алатын болсақ, «ойнатып отырып, ойлантатын» құдіреті бар. Бізде керісінше». Рас қой, рас.
Дэвид Кристал деген философтың сөзімен аяқтайын: «Тіл жойыларда қостілділік пайда болады. Екі тілді ерткен екі мәдениет өзара шайқасқа түседі. Ақырында жеңімпаз мәдениеттің тілінде сөйлеушілер көбейеді. Ал әлгі жеңіліс тапқан шағын мәдениеттің тілінде сөйлеуден басқа емес, өзінің жас ұрпағы ұяла бастайды. Ана тілінде сөйлеуге қысылатын сол ұрпақ та «жеңімпаз мәдениеттің» аяғына жығылады. Аға-ұрпақ ата-ана қанша әуреленсе де, өз балаларына ана тілін үйретуге шамалары жетпейді. Ең өкініштісі де осында».
7 қазан 2009 жыл