Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2615 0 пікір 9 Қазан, 2009 сағат 07:59

Жемқорлықпен күресті заңгерлер мен бухгалтерлер дайындығының төмендігі тежеп отыр – Петропавл әкімі

Петропавл. 9 қазан. ҚазТАГ– Петропавл мемлекеттік мекемелеріндегі жемқорлықпен күресті заңгерлер мен бухгалтерлердің кәсіби дайындығының төмендігі тежеп отыр. Бұл туралы бейсенбі күні қалалық әкімдіктің отырысында қала әкімі Нұржан Әшімбетов мәлім етті.

Әкімдіктің заң бөлімінің бастығы Алма Құдабаеваның Солтүтік Қазақстан облысында жемқорлықпен күрестің 2009-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын тыңдаған соң қала әкімі осындай пікірге келді.

Жыл басынан бері қала әкімдігіне прокуратурадан жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанына байланысты 30 шағым мен 8 қарсы шағым түсті, деді А. Құдабаева. 2008 жылы аталған аралықта 44 шағым мен 29 қарсы шағым түскен.

Бірнеше бөлімнің бастықтары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мәдениет пен тілдерді дамыту бастығының үстінен пара алу фактісімен қылмыстық іс ашылды.

«Әкімдіктің көптеген мекемелерінде заңгерлік қызметтің жоқтығы құқықтық-нормативтік актілерді дайындауда және қабылданған шешімдердің заңнамалық нормаларға сәйкестігіне теріс әсер етіп отыр», - деді А. Құдабаева.

Заң бөлімі бастығының айтуынша, «бүгінгі күні ішкі саясат, мәдениет пен тілдерді дамыту, экономика мен бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, дене шынықтыру мен спорт бөлімдерінде заңгерлік қызмет тұрмақ заңгерлер де жоқ». Бірнеше бөлімдер білікті мамандар мен заңгерлер жетіспейді.

Қалалық әкімдіктің жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау жұмысын А. Құдабаева «жеткіліксіз» деп бағалай отырып, қажет шаралар ретінде мемлекеттік мекемелерді білікті заңгерлермен толықтыруды ұсынды.

Петропавл әкімі Нұржан Әшімбетов бухгалтерлер дайындығының нашарлығына назар аударды.

«Бюджет қаражатын игерудегі бұзушылықтар ең алдымен бухгалтерлер біліктілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді», - деді Н. Әшімбетов.

Ол осындай бұзушылықтарға талдама жасап, қажет болса бухгалтерлерді қайта дайындықтан өткізуді ұйымдастыруды ұсынды.

«Әрине, кейде адамдардың қызмет бабын пайдаланып, пайда көргісі келетін фактілерге де көз жұмып қарауға болмайды, - деді Петропавл әкімі. – Бұл, сөзсіз , ең ауыр құқық бұзушылық».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387