БТА банк басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып 35 жастағы Ардақ Орымбаев тағайындалды. Қазақстандық қор биржасы (KASE) жұма күні осындай ақпарат таратты.
«БТА банк ресми хатпен KASE биржасына «БТА банктің директорлар кеңесі банк басқармасының құрамына Ардақ Орымбаевты «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары- басқарма мүшесі қызметіне сайлау туралы шешімді 2009 жылдың 7 қазанында», - делінген KASE хабарламасында.
А.Орымбаев 2008 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (ҚИҚ) төрағасының орынбасары болған. 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың 17 наурызына дейін ҚИҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Бұған дейін ол 2007 жылдың ақпан-тамызында «Сары-Арқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.