Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1661 0 пікір 9 Қыркүйек, 2025 сағат 14:48

Чехия Беларусь тыңшыларын әшкереледі

Сурет: dw.com сайтынан алынды.

Прага Беларусь елшілігі қызметкерін нон грата тұлға деп жариялады. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Чехия құзырлы органдарының айтуынша, ол азамат дипломатиялық қызметті бүркеме ретінде пайдаланған барлау офицері болған.

Ал Румынияда Беларуське жұмыс істеді деген Молдова арнайы қызметінің бұрынғы лауазымды қызметкері ұсталды.

BIS-тің ақпаратына қарағанда, Еуропадағы тыңшылық желісін Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздік комитеті құрған. Ұсталған дипломат Чехиядан 72 сағат ішінде кетуі керек. Әзірге оның аты-жөні айтылмай отыр.

Беларусьтің тыңшылық желісіне қатысы бар деген адамдардың бірі – Молдова барлау қызметі басшысының бұрынғы орынбасары.

Азаттық радиосының Румын қызметі Румынияның Ұйымдасқан қылмыс пен терроризмді тергеу басқармасы 47 жастағы Молдова оцицерінің ұстағанын растады, бірақ әзірге оның да аты аталмады. Молдова офицері Беларусь үшін тыңшылық жасады деп айыпталып отыр. Ол қазір мемлекеттік құпия өзге біреуге беру арқылы сатқындық жасады деген күдікпен тергеліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1503
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3117
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1112
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1039