Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1659 0 пікір 10 Қыркүйек, 2025 сағат 17:14

Қазақстанға Ресейдің вице-премьері келді

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесу өткізді.

Онда цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің сенімге құрылған диалогы мен ұдайы хабар алысып тұрғанының арқасында тұрақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орныққанын атап өтті. Екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында дамуда.

2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында өзара тауар айналымы $12 млрд құраған. Екі мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүруде.

Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға барады. Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ММУ және ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1559
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1166
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085