Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025
Әдебиет 1140 0 пікір 11 Қыркүйек, 2025 сағат 11:10

Жүрек жоспары

Сурет: Әдебиет порталы сайтынан алынды

Облыс әкімдігінің жиналыс залы. Әкім апаратынан сырт, облысқа қарасты әр бөлім басшылары қаздай тізіліп қатып отыр. Қызыл беті іркілдеп мұрны зорға көрінетін қысық көз әкім Президентіміздің «Халықпен бірге болу» саясаты бойынша обылыстағы әкімшілік қызметкерлер және әр бөлімдегі жас кадрлар ауылға барып халықпен жұмыста, тамақта, жатын орында бірге болып екі апта сонда болады. Барғандар сол отбасының не үшін кедей болып отырған сырын зерделеп келген соң есеп береді, жатын орынға әр күніне жамбас ақысын өз қалтасынан төлейді. Сонымен бірге сол үйге шамасына қарап өз еркімен азды-көпті көмегін қаржылай көрсетсе ол белсендігілі, жылдық бағалуда ескеріледі, осы негізінде кейінгі кадрлар ауыс-күйісіте басшылық қызметке тағайындалады. Сондықтан бұған сәл қарауға болмайды, шын жүрек қалауымен жұмыс атқарғандар мараптталады. Әр бөлімнен баратындардың тізімін ертең беріп болуларыңыз керек, келесі аптаның басында жолға шығады.

Әкімнің сөзінен кейін жиналғандар бір сәт үнсіз қалды. Күннің жиегінен төгілген сәуле терезеден отырғандардың беттеріне түсті. Басқаша бір ис мүңік етті, бір-екі адам сәл қозғалды, қалғаны мыз бақпай қаққан қазықтай тапжылмайды. Бірақ әкімнің дауысы бәсеңдеген жоқ:

- Бұл - тек саяси тапсырма емес, бұл - біздің елдік міндетіміз. «Халықпен бірге болу» саясаты тек қағаз жүзінде қалмауы керек. Ауылға барған соң сол жердегі ағайынмен бірге күзгі өнім жинауға бірге шығып, кешкісін бірге ас ішіп, бір үйде қонып, олардың мұң-мұқтажын өз көздеріңізбен көріп, өз құлақтарыңызбен естіп қайтасыздар. Сонда ғана шынайы түсіністік орнайды, сонда ғана шенеунік пен халық арасындағы көпір мықты болады.

Сол сәтте отырғандар арасынан орта бойын биік өкшесі жасырған, сары шашты, қыр мұрынды, көзінің оты бар арық аққұба қыз қол көтерді. Бұл - әкімшіліктің жетекші маманы Гүлбар болатын. Ол әкімнің сөзіне бас изей отырып:

- Жақсы, жолдас әкім. Бірақ бізбен бірге облыстық аурухана мен мектептен де өкілдер қатысса, ауылдағы қызмет тіптен мазмұнды болар еді. Ел ертеңі үшін денсаулық сақтау мен білім беру саласы аса маңызды, - деді.

Әкім оның ұсынысын қолдап:

- Дұрыс айтасың, Гүлбар. Айтқаның болсын. Аптанның басында әкімшілік алдында автобус дайын болады. Барған соң әркім өзіне бөлінген отбасының тірлігі мен бірге өз саласы бойынша да халықпен жұмыс істесін. Бірақ, ұмытпаңдар - бірге болу дегеніміз әр сәтте, әр қимылда жұдырықтай жұмылу деген сөз.

Келесі апта басында таңғы сағат сезгізде облыс әкімдігінің алдындағы алаңқайға бірнше үлкен көгілдір автобустар келіп тоқтады. Бірі портфель, бірі рюкзак ұстап, тізімдегі шенеуніктер мен облсқа қарасты кадрлар жинала бастады. Ішінде мәдениет, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, тіпті спорт бөлімінен де мамандар бар. Барлығы да Президентің «Халықпен бірге болу» саясаты аясында ауылға екі апта халықпен бірге тұрып, бірге жұмыс істеуге дайындалған. Әр автобустың шекесіне баратын ауылдары жазылыпты.

Автобуста Гүлбар терезе жанына жайғасқаны сол, қасына құйрық басып жатқан жас жігітке басқаша қарады:

- Сен қай бөлімнен боласың?

- Қалалық ауруханадан. Мен - Берік, терапевтпін, - деді ол сәл қысылыңқы үнмен.

- Жақсы, Берік. Алдағы екі апта ауылда халыққа көп қызмет көрсетесің.

Автобус сілкініп орнынан қозғалғанда бәрі үнсіз отырып қалды. Терезеден қаланың шеті байқалды, шаңы бұрқыраған дала, ойдым-ойдым жолдар, оны елер жүргізуші жоқ, гәзді құлаққа дейін басып зулатып келеді, аз жарысып ілесе алмай бір-біріне құлап жатқан электір бағаналары артта қала берді. Ауылға бара жатқан топ ішінде оқуын жаңа бітіріп қызметке орналасып, алғашқы рет сапар шегіп бара жатқандар да бар еді.

Ауылға жеткенде күн төбеден ауып бара жатты. «Ақдала» ауылы алыстан тыныш көрінгенмен, ауыл шетіне ене бере жан-жақтан жүгіріп шыққан балалар, есік алдында отырған қариялар, мал жайып жүрген жігіттер көзге шалынды. Ауыл кеңсесінің алдында арнайы дайындалған қарсы алу рәсімі өтті.

Ақ кимешекті апалар қонақтарға шелпек ұсынып, сықпа құртын ауыздарына салды. Ауыл әкімі - салмақты, қараторы Ерлан мырза - қонақтарды қарсы алып, сөз сөйледі:

- Қош келдіңіздер! Екі апта бойы сіздер бізбен бірге боласыздар. Қуаныштымыз. Міне, әрқайсыңызға арнайы бөлінген отбасылар бар. Сонда бірге жатып, бірге тұрып, бірге тамақтанасыздар, бірге жұмыс істейсіздер. Ең бастысы - халықпен араласу, елдің шын кейпін ішінен ұғыну. Осы мүмкіндікті шын мәнінде пайдаланыңыздар.

Берік пен Гүлбар бір көшеннің бойындағы үйге орналасып, көрші үйдегі зейнеткер дәрігер апамен танысты. Ол Берікке ауылдағы сырқаттар туралы біраз әңгіме айтып берді. Кешке таман Гүлбар аққағаздың бетінде қара қаламын жорғатып біраз отырды.

Келесі күні таңертең Берік ерте тұрып өзі жатқан үйдің есік алдын сыпырды,

күш-қуаты әлі қайта қоймаған екі зейнеткерғана тұрады екен, басқа істейтін жұмыс жоқ, ауыл амбулаториясына барды. Қабырғалары көгеріп кеткен ескі ғимараттың ішінде қарапайым құрал-жабдық қана бар екен. Келгендердің көбі - қарттар, арқа, қан қысымы, жүрек шағымдары.

Олардың арасынан бір әйел көзге бірден түсті. Қара желетке киген, бет-жүзі шаршаңқы, көзі қызарған. Қолында он екі-он үш жасар қызды жетектеп алған. Қыздың оң жақ беті сәл қисайып, көзі бір нүктеге қадалып қалғандай көрінді.

- Келіңіз, тәте, отырыңыз, - деді Берік сыпайы үнмен. -Қыздың жағдайын айтып беріңізші.

Әйел үнсіз бір сәт отырды да, көзіне жас алып:

- Немеремнің аты - Аяулым. Былтырдан бері осылай. Басынан соққы алған. Мектепте құлап қалды деді, бірақ бізге ешкім анық түсіндірген жоқ. Содан бері сөйлей алмайды. Қозғалысы да қиындады. Ауданға апаруға ақшам жетпейді. Мектептен де хабар жоқ. Міне, бір жылдан асты. Ешкім ештеңе істеген жоқ...

-Әке-шешсі қайда?

-Әкесі де шешесі де жол апатынан кеткен....

Берік ойланып қалды. Бұл - жай ғана медициналық мәселе емес еді. Бұл денсаулық сақтау бөлімшесі, мектеп, ауыл әкімдігінің жауапкершілігінің жоқтығының салдары еді. Ол Аяулымға тексеріс жасады. Бірақ бұл жерде емдеуге болмайтыны белгілі еді.

Кешке қарай Гүлбар ауылдық клубта «Мәдени кеш» ұйымдастырып жатқан. Ауыл жастары өлең оқып, домбыра тартты. Бірақ Берік көңілсіз еді. Кештен соң Гүлбар Беріктен не болғанын сұрады.

 

- Біз тек формалды шара өткізіп жүрген жоқпыз. Мұнда шын көмек қажет. Ауылда бір қыздың жағдайы өте ауыр. Мектеп те, денсаулық сақтау да араласпаған. Жүйелі кемшілік. Ертең әкімге баяндаймын, - деді.

Гүлбар біраз үнсіз тұрды да:

- Бұл сапардың басты мақсаты - осындай жағдайларды анықтау. Бірақ... кейде әкімге бәрін айта беруге болмайды. Саяси мәселе боп кетуі мүмкін. Сақ бол, Берік.

Берік оның сөзіне таңырқай қарап:

- Ал егер бәріміз үндемей қалсақ, онда не үшін келдік бұл ауылға? - деді де, артына қарамай шығып кетті.

Ертесіне ауыл мектебінде Аяулымның ісі қозғалды. Берік, Гүлбар, және ауыл әкімі Ерлан арнайы жиналыс өткізді. Ол жерде мектеп директоры, мұғалімдер, тіпті аудандық білім бөлімінің өкілі де сөзге тартылды.

Шындық ашылды: оқиға кезінде ешкім жауапкершілік алмаған, ешкім баланың тағдырына терең бойламаған.

Сол күні кешке, күн ұясына қонып бара жатқан шақта, Берік үй алдында жазу жазып отырған Гүлбарға келді:

- Аяулымның құжаттарын жинап, аудан орталығындағы невропатологқа жеткізуді ұйымдастырсақ. Қажет болса, мен өз қалтамнан төлеймін. Бірақ бұл қызға көмек керек. Нағыз жұмыс - осы.

Гүлбар алғаш рет үндемеді. Сосын барып баяу бас изеді.

Осылайша, сапардың алғашқы аптасы аяқталды. Кей адам үшін бұл - жай тапсырма, қағаз үшін жасалған науқандық іс-шара шығар. Бірақ Берік пен Гүлбар үшін бұл - бір адамның өмір жолын өзгерту мүмкіндігіне айналды.

Ал Аяулымның көзінде Беріктің тамызған дәрісінен соң бір кішкентай жарық пайда болды. Бұл жарық қыз үшін жалғыз үміт еді.

Сапардың екінші аптасы басталғанда ауа райы салқындап, ауыл үстін бозғылт тұман бүркеп алды.

Әр кім өзіне тиеселі әлеуметтік жағыдайы төмен отбасылардың оты мен кіріп күлімен шығыуға тырысуда, ауылға жан біткен, абыр-сабыр адамдар, мәз-мәйрам балалар, ауыздарында тәтті, великтерімен тез-тез дүкенге шапқылауда.

Бір күні кешкісін ауыл шетіндегі қырқаға шығып, Берік пен Гүлбар біраз отырып қайтты. Төменде ауыл үйлерінің сары шамдары жыпылықтап тұр. Қыр басында ызыңдай соққан самал, екеуінің арасындағы үнсіздікті бұзғысы келді.

- Сен қалада бәрін тастап, осындай жерге жұмысқа келгің келе ме?

-Мен келгенде шынымен бір нәрсе өзгерсе келер едім.

- Аяулымды құтқаруға себеп жасадың. Көп дүние біздің үнсіздігімізден бұзылады.

-Ал сен ше?

Мен бе мен деп, Гүлбар сәл жымиып:

- Мен өзімді табуға келер ем. Бұрын тек тапсырмалар мен жоспарлармен өмір сүріппін. Мұнда жүріп... жүректің де жоспары бар екенін сездім.

Сол кештен бастап олардың арасындағы байланыс ерекше күйге ене бастады. Екеуі де бір-біріне көзімен көп нәрсе айтып жүрді, бірақ сөзбен ашық айта қойған жоқ.

Берік пен Гүлбардың араласуымен, Аяулым аудан орталығына жеткізілді. Берік өзінің ескі танысы - невролог Айдана есімді дәрігерге тікелей қоңырау шалып, жағдайды түсіндірді. Айдана тексеру жүргізіп, қыздың нақты диагнозын қойды: травмалық энцефалопатия, дұрыс ем мен тұрақты терапия қажет, солай өмір сүру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік бар.

Осы жаңалықты естігенде Аяулымның апасы еңіреп жылап, Беріктің қолын қайта-қайта сүйіп, батасын берді.

Бұл жаңалық бүкіл делегация мүшелерінің жүрегіне жетті. Бастапқыда жай ғана тапсырма үшін келгендер, ауылда шынайы адам өмірінің өзгеруін көріп, әркім іштей ойға батты. Енді ешкім бұл сапарды жай «барып келдік» деп айта алмайтын еді.

Ауылдағы екі апта аяқталды. Соңғы күн. Барлық делегация мүшелері ауыл халқымен қоштасып, шағын жиналыс өтті. Ауыл әкімдігі алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Берік обылс орталығына жетіп қоштасарда Гүлбарға қарап, үнсіз ыммен қоштасқысы келгендей болды. Бірақ бірден батылданып:

- Бір күн бірге қыдырайықшы. Ешқандай жиналыс, қағаз, форма жоқ. Тек сен және мен, - деді.

Гүлбар жай ғана бас изеді.

- Тек жүрек жоспары бойынша, иә? - деп жымиып жауап берді.

- Иә. Тек жүрек жоспарымен.

Аяулымның жарты жылдан соң арнайы емдеу бағдарламасымен тілі мен қозғалыс қабілетін 80% қалпына келді. Апасы оған арнап "Үміт" атты кішкентай кітапша ашты - оның алғашқы бетіне бір сөйлем жазды: "Бір адамның шын ықыласы - кейде бүкіл тағдырды өзгертеді."

***

Гүлбар мен Берік қым-қуыт ит тірілктен алқыған күйде сарала жапырақтар төкілген күні бас қосты. Күзгі кештің жұмсақ жарығы Гүлбардың жүзіне түсіп, жан дүниесінде әлдебір сезім толқынын оятқандай болды. Біраздан соң, баяу ғана:

- Жүрек жоспары... Әдемі естіледі. Бірақ жүрек кейде адаспай ма? - деді.

Берік күлмегенмен, жанарында күлкі ойнап тұрды:

- Адасса, бірге адасайық. Тек сол жолда сен қасымда болшы.

Гүлбар иығын кішкене көтеріп:

- Онда бір күн емес, осы сәттен бастайық. Бүгін. Қазір. Мүмкін... жүректің жоспары дәл осы сәттен жасалып жатқан шығар.

Берік орнынан тұрып, қолын ұсынды. Гүлбар сәл кідірді де, қолын оның алақанына салды.

Күздің салқын самалы сипаи өтті. Бірақ олар үшін ауада жылылық бар еді.

Жан-жақтан қысым, міндет, талаптар алыста қалғандай...Тек екеуі жүрек жоспарымен.

Қаланың шетінде тұрған ескі кітапхана маңынан өтіп, алаңсыз, асықпай жүріп келе жатты. Айналада күн еңкейіп, аспанды қызғылт-сары шапақ бояп жатты. Күздің сыбдыры жапырақтармен бірге оларды да тербеп тұрғандай еді.

Берік бір сәт үнсіздікті бұзып:

- Саған қарап отырып кейде өмір тым жылдам өтіп жатыр ма деп ойлаймын, - деді.

Гүлбар оған көз тастады. Дауысы жұмсақ шықты:

- Ал кейде өмір тым баяу өтетіндей көрінеді. Бәрі тоқтап қалғандай… тек сенің бір ауыз сөзің ғана оны қайта қозғалтатындай.

Берік жымиып, оның жүзіне ұзақ қарады. Бұл жолы оның жанарында жүрек жоспары бар еді. Қызға деген - нақты сенім пайда болды.

Гүлбар терең тыныс алып, көкжиекке қарап:

- Жүрек жоспарынан ешқашан адаспаймыз. Егер адассам, сенің даусың өзімді қайта табуға көмектеседі.

Олар қайта жүріп кетті. Қала баяу қараңғыланып, шамдар жана бастады. Кеш барша тіршілікке тыныштық сыйлады.

Бірақ бұл тыныштықта - жаңа бастаманың лебі бар еді.

Қағазда сызылмаған,

Жиналыстарда айтылмаған,

Формаларда бекітілмеген...

Тек жүрек жоспарымен жазылған өмір енді басталып келе жатты.

Түн көкжиекке жайлап төселіп, аспан астында қала шамдары самсап жанды. Гүлбар мен Берік баяу басып, орталық саябаққа жетті. Жапырақтар аяқтарының астында сытырлап, күзге үнсіз әуен қосқандай.

- Есіңде ме, - деді Гүлбар, орындықтардың біріне жайғасып, - Автобуста алғаш кездескен сәтіміз.

Берік басын изеді.

- Иә. Сен маған таңдана қарадың, көзің бір құштарлықты сол кезде айтып қойып еді. Мен сенің көзіңе қарауға батылым жетпей, төмен қарай беріп едім…

Гүлбар сәл жымиды:

- Менде біртүрлі сезім болған. Кездейсоқ кездесу емес екенін сезгендей едім.

Берік үндемей, қалтасынан кішкентай қағазға бүктелген зат шығарды.

- Мен мұны сол күннен бері сақтап келем, - деді ол. - Сол кезде сен отырған орындықтың астынан тауып алғанмын.

Гүлбар таңырқап қағазды алды. Ашып қараса - әлдебір өлең жолдары. Жазуы анық емес, бірақ таныс көрінді. Жүрегі лүпілдеп кетті. Бұл оның студент кезінде өзі жазып, кейінірек жоғалтып алған өлеңі еді.

- Бұл... менікі... - деп сыбырлады ол.

Берік басын изеді.

- Мен оны оқып, сені түсіндім. Содан бері жүрегімде сақтадым. Бірақ сенің өзіңе қайтарғым келді.

Гүлбар көзіне жас үйірілгенін сезді. Бұл кездесу, бұл түн - бәрі ешқандай жоспармен, кездейсоқтықпен түсіндірілмейтіндей. Тек жүрек ғана сезе алатын, жүрек қана бағыттай алатын жол секілді.

- Берік... - деді ол ақырын. - Мүмкін, біз бір бірімізді іздеген шығармыз. Оған уақыт керек болған...

- Иә, - деді Берік. - Және қазір - сол уақыт.

Олар үнсіз отырды. Жапырақтар баяу төгіліп жатты. Аспанда бір жұлдыз жанды.

Сол сәтте бәрі орын-орнына келгендей болды.

Өмір, жүрек, уақыт - бір арнада тоғысқан.

Аспанда тағы бір жұлдыз жанып, екеуі отырған саябақ шырағданның жылы жарығымен тыныш күйге еніп тұрғандай еді. Сырт көзге бәрі қарапайым - бір ер мен бір әйел, күзгі кеш, орындық, сары жапырақтар... Бірақ бұл сәт - екеуінің жүрегінде ерекше мәнге ие сәт еді.

Гүлбар қағазды алақанында бір сәт ұстап тұрып, қайта бүктеп Беріктің алақанына салды:

- Бұл өлең... енді саған тиесілі. Себебі сен мені менің өзімнен бұрын түсіндің.

Берік басын изеп, терең тыныс алды. Оның жанары тыншыған, бірақ сол тыныштықтың астында алапат толқындар жатқандай - сағыныш, сенім, күтім.

- Гүлбар, - деді ол жұмсақ үнмен, - мен сені жоғалтып алмау үшін енді үнсіз қалмаймын. Уақыт үндемесе де, жүрек сөйлесін. Саған әрдайым шындықпен келем.

Гүлбар күлімсіреді. Бір кезде дәл осындай сөздерді арман еткен кездері есіне түсті. Бірақ сол арман енді шындыққа айналып тұрғандай болды.

- Онда уәделесейік, - деді ол, - егер жүрек жоспары бізді ертең басқа жолдарға жетелесе де, бүгінгі сезімді ұмытпаймыз, сол арқылы әр кез өзімізді қайта табамыз деп серттесті. Сосын жүректер сөйлесті... үнсіздік жалғаты....Бұл кеш... бұл үнсіздік... біздің тағдыр сызығы.

Екеуі саябақ жолымен үнсіз жүріп келе жатты. Бірақ бұл үнсіздік - екеуін алыстататын емес, керісінше жақындастыра түсетін, түсіністік пен тыныш келісімнің үнсіздігі еді.

Айналадағы әлем баяу алыстап бара жатқандай. Шу, уайым, бітпейтін жиналыстар, шексіз қағаздар - бәрі артта қалғандай.

Қазір тек екеуі, жүрекпен салынған жол. Жол - алда. Күзден көктемге, үміттен сенімге, тек бірге.

Жол бойы олар қала шамдарының алтын сәулесінде бой түзеп, жаңа бастамалардың тәтті үмітін бөлісті. Әрбір қадамда өткен өмірлерінің сәттері есіне түсіп, жүректеріндегі жаралар біртіндеп жазылып, орнына жылы сезім орнықты.

- Сен білесің бе, - деді Гүлбар, аспанға қарап, - кейде мен өмірдің қалайша күрделі екенін ұмытып кеткім келеді. Барлығы есеп, жоспар, міндеттерден тұрады. Ал бүгін, дәл қазір, мен еркінмін.

Берік оның қолын алып:

- Мен де дәл осылай сезініп отырмын. Бұл бір сәттік тыныштық емес, менің жүрегімнің шынайы қалауы. Гүлбар басын изеді. Көзінде жылы әрі терең бір көз жас жарқырады.

Олар бір-біріне қарады да, қаланың жарықтары астында өздерінің жаңа өмірінің алғашқы тарауын жазуға дайын еді. Жүрек жоспарларының беті ашылып, болашаққа сеніммен басталған сапар енді шынайы өмірге айналған еді.

Қала, кеш, екі жүрек - барлығы жарасым тапқан бір үйлесімге айналды.

Күннің алғашқы сәулесі қала көкжиегін ақырындап бояй бастағанда, Берік пен Гүлбар әлі де бір-бірінің қолынан ұстап жүрді. Түнгі тыныштықтың орнын жаңа күннің үміті мен сергектігі басқандай еді.

***

Тағы бір күн күн толық ұясына батып, қала шулы басылғанда, Берік пен Гүлбар баяу жүріп, өздері барған саябаққа сол баяғы орындыққа келді. Түнгі сыр, жүрек жылуы, үнсіз түсіністік - бәрі осы жерде басталған еді. Енді бұл орын естелік қана емес, уәденің куәсіне айналды.

Гүлбар тоқтап, тыныш көкжиекке көз тікті. Қолын Беріктің алақанында ұстап тұрып:

- Қарашы, бәрі өзгермей тұрғандай. Бірақ біз өзгердік, иә?

Берік бас изеді:

- Иә. Және бұл өзгеріс - ең әдемі болды. Себебі біз енді бір-бірімізді іздемейміз. Біз қатар жүріп келеміз.  Гүлбар кіліт бұрылып:

- Сен мені үйреншікті тірліктен ояттың. Жүрекпен көруді үйреттің.

Берік сәл езу тартып:

- Ал сен маған өзімді ұмытпау керегін көрсеттің. Тек күнделікті жалған рөлдермен емес, нағыз мен болуға рұқсат бердің.

Олар ұзақ үнсіз тұрды. Айналада автобустар тоқтап, дүкендердің жабылып жатқаны байқалады. Бірақ олардың арасында бір ғана тыныш, анық байланыс бар еді - бұл байланыс сөзге мұқтаж емес, жүректен жүрекке өткен жылу еді.

- Мүмкін, енді біз жүрек жоспарымен ортақ өміріміз бірге жазайық, - деді Берік.

Гүлбар жылы жымиып:

- Иә, әр күнді жүрекпен бастап, үмітпен аяқтайық. Олардың жанары тоғысып, ортақ тілсіз келісім орнады. Бұл - бұрынғыдан мүлдем басқа, терең әрі тұнық байланыстың бастамасы болды.

Қала оянып, адамдары күнделікті тіршілігіне кірісіп жатқанда, олардың әлемі текке емес, нағыз өмірге айналған жүрек жоспарымен толығып жатты.

Бұл жоспар - тек қана олар үшін ғана емес, өмірдің өзі үшін де ерекше мағынаға ие болды.

Жаңа күн жаңа мүмкіндік әкелді.

Ал олар бірге, жүректің үнімен, бірге басталған өмір.

Сол сәтте таң шапағы екеуін де жылы шуағымен құшағына алды. Бұл енді бір күннің басталуы ғана емес - олардың бір-біріне адалдықпен, сеніммен, жүрекпен қадам басқан жаңа өмірінің алғашқы таңы еді.

Сол күннен кейін бәрі баяу, бірақ нық өзгерді. Енді Гүлбар да, Берік те күндерін бұрынғыдай қағаз, жиналыс, шектеулі кестемен ғана емес, жүрек қалауын тыңдаудан бастайтын болды. Әр кездесулерінде олар өздерін жаңа қырынан танитындай сезінді - екеуінің де ішкі үні енді анық естіле бастады.

Кештерде қала шетіне барып, үнсіз серуендейтін. Ешқандай жоспарсыз, ешқандай нәтиже күтпей...

Бір күні Гүлбар жай ғана сыбырлады:

- Осы тыныштықты жоғалтып алудан қорқам...

Берік оның қолын қыса түсті:

- Біз оны жоғалтпаймыз. Себебі енді ол тыныштық - біздің ішімізде.

Гүлбар оған қарады. Ол сөзсіз сенді. Себебі Беріктің көзінде бүгінге бекінген сенім бар еді.

Күндер өтті. Уақыт алға жылжыды.

Бірақ бір нәрсе өзгермеді - екеудің жүрек жоспары.

Бұл жоспарда нақты мекен-жайлар, нақты мерзімдер, нұсқаулықтар жоқ еді. Оның жалғыз ережесі бар - бір-біріне адал болу. Және соған қарай бірге жүру.

Бір күні Берік Гүлбарды бұрынғы саябақтағы сол орындыққа қайта ертіп келді. Ауада қыстың алғашқы белгілері білініп, қырықтан асқандардың жіліншігін қақсатар суық ызғар соқты. Дәл сол орындық, дәл сол кешкі жарық.

Берік үнсіз қалтасынан кішкентай қорапша шығарды. Ашып көрсетті - ішінде жүзік.

- Бұл да жүрек жоспарының бір парағы шығар, - деді ол жай ғана. - Бірақ бұл жолы мен сені тек бір күнге емес, өмірге шақырам. Жанымда болуға. Күніне емес, әр деміме ортақ болуға. Келесің бе?

Гүлбар еш ойланбастан күлімдеді. Көзінде жас, жүрегінде тыныштық.

- Мен әлдеқашан келістім, Берік. Жүрегіммен.

Беркітің құшағына еніп, қала шамдары астында үнсіз отырды. Өмір асығып жатқандай көрінбеді.

Бірақ сағат тілі шапшаң емес еді. Себебі жүрек жоспары - енді шындыққа айналған еді.

Берік пен Гүлбар қол ұстасып, ұзақ үндемей отырды. Жауап айтылды, уәде берілді, бірақ бұл - ертегі аяқталды деген сөз емес еді. Бұл - жаңа тараудың басталғаны.

- Ертең бәрі өзгеше болады, - деді Гүлбар ақырын.

- Иә, - деп қызды қыса түсті Берік.

Гүлбар салмақпен: - Бірге болу... оңай естілгенімен, ең үлкен жауапкершілік қой.

Берік сәл жымиып:

- Бірақ жүрек таңдаған адаммен бірге болу - ең үлкен жеңілдік. Себебі мен өзімді саған сеніп тапсырдым. Бүтін болмысыммен.

Сол түні олар үйге қайтқанда, Гүлбар алғаш рет Беріктің пиджагын иығына жапты. Бұрын өзін өзі қорғап үйренген ол алғаш рет қорғануға рұқсат етті. Ал Берік, үнемі бәрін жоспарлап, бақылауда ұстайтын жан, алғаш рет жүрекке ерік берді. Өмірдің ең шынайы сәттері, тәтті шақтары осындай қарапайым көріністерде жасырын болатынын екеуі де енді түсінген еді.

Уақыт өз ағысымен алға жылжыды.

Той өтті - қарапайым, бірақ жүректен шыққан қуанышпен. Достар мен жақындар арасында олар бір-біріне тағы да уәде берді. Бұл жолы дауыстап, куәгерлер алдында. Бірақ екеуі үшін - ең шынайы уәде сол бір күзгі кеште, орындықта берілген.

«Халықпен бірге болудан» есеп беріп Берік те Гүлбарда Облыс әкімінің марапатына ие болған, өсетін, болашағы бар жастардың алдыңғы тізімінде тұрды.

Бірге тұра бастады. Бөлме ішінде күлкі, кейде келіспеушілік, бірақ бәрінен де биік - түсіністік пайда болды. Олар бір-бірінің күнделікті әдеттеріне үйренді:

Гүлбар таңертең қара шай ішпей оянбайтынын, Берік кешке дейін телефон қуаттауға ұмытатынын.

Олар бір біріне үйренді, кешірді, қабылдады.Бір күні кешкі ас үстінде Гүлбар Беріктің қолын ұстап:

- Білесің бе, біз жүрек жоспарының бағытымен келе жатырмыз. Бірақ бір қызығы - бұл жолдың соңы жоқ сияқты.

Берік оған күле қарап:

- Себебі бұл жоспар шексіз. Ол өмірмен де бітпейді. Ол - саған деген махаббат шексіздігімен өлшенеді. Ал ол... - деп ол оның жүрегіне алақанын қойды, - мәңгілік.

Гүлбар көзін жұмып, сол сәтті жүрегінде сақтап қалуға тырысты. Себебі ол жақсы білді - кейбір сәттер ешқашан қайталанбайды. Бірақ олар мәңгілікке айналуы мүмкін.

Жүрек жоспары аяқталған жоқ.

Себебі махаббат - жоспар емес. Ол - жол. Және олар бұл жолды бірге жалғастырып келе жатты.

Бұл жолда бастысы - бірге. Ал бағыты... жүректен.

Күндер өтіп жатты. Күнтізбелер ауысып, мезгілдер алмасып, терезе сыртында табиғат мың құбылып тұрды. Бірақ Берік пен Гүлбардың арасындағы байланыс - сол алғашқы күзгі кештегідей тұнық, таза күйінде қалды.

Олар енді әр таңды бірге қарсы алатын. Бір-бірінің тынысын, үнсіздігін, күлкісін жаттап алған. Гүлбар Беріктің таңғы үнсіз сәттерінде қандай ойға батқанын біліп қойса, Берік Гүлбардың кешкі шай үстіндегі көзқарасынан оның көңіл-күйін сезетін. Бұл - сөзсіз түсіністік еді.

Сезімнен емес, сенімнен құралған байланыс. Көктемнің бір жылы кешінде, Гүлбар балконда отырды. Қолында - күнделігі. Бұрын өзі жиі жазатын, соңғы кезде тек ішке сақтап үйреніп қалған ойларын қайта парақтағысы келгендей.

Бірінші бетте баяғы өлең жолдары тұр еді.

Сол - Берік тауып алған, жүректің кілтіне айналған өлең.

Ол қаламды қолына алып, жаңадан жазды:

«Жүрек жоспары - сызба емес. Ол - сезімнің сабыры. Ол - үнсіздік ішіндегі үн. Ол - жанның жолдасы.» Сол сәтте Берік сыртқа шықты. Қолында екі шыныаяқ шай. Бірін үнсіз Гүлбарға ұсынды.

- Нені ойлап отырсың? - деді ол жай ғана.

Гүлбар оған қарады да, жымиып:

- Қандай бақытты екенімізді ойлап.

Берік аз ғана кідірді. Ойланғандай. Сосын:

- Бақыт сезінуден тұрады. – Біз үй болғалы күн сайын бақытты жүрекпен сезіндік.

Гүлбар басын изеді. Ол түсінді.

Уақыт өте келе, үйдің бұрыш-бұрышында олардың тарихы жиналып жатты.

Кітап сөресінде - бірге оқылған кітаптар. Қабырғада - екеу түскен фотолар. Аспаздық сөресінде - бірге пісірген дәмді тоқаштардың естелігі. Бұлар жүректе - сөздермен сипаттау қиын, бірақ сезетін әлем.

Жаз басталғанда, олар сол ескі саябаққа қайта оралды. Баяғы орындық. Баяғы ағаштар. Бірақ енді екеуі ғана емес еді. Гүлбардың қолында кішкентай сәбиді орап алған жұқа көрпе бар. Бала ұйықтап жатқан. Берік жай ғана сыбырлады: - Жүрек жоспары енді үшеумізге ортақ. Гүлбар көзіне жас алып күлімсіреді. Олар үнсіз отырып, аспанға қарады. Қаланың у-шуы естіліп тұрды.

Себебі шын махаббат - бір сәтке емес, бір өмірге. Ал өмірді - бірге өткізгенде ғана толық махаббат болады.

Бір жүрек. Бір жоспар. Бір бағыт. Бақытты бірге сезіну.

***

Күндер өте берді. Жаздың аптап ыстығы саябырсып, сарғыш жапырақтар көшені көмкергенде, қалаға күз тағы қайтып келіп жетті. Сол мезгіл - Гүлбар мен Беріктің алғаш жақындасқан маусымы болатын. Бірақ бұл күз - мүлдем басқа еді.

Берік - бүгінде қалалық ауруханада білікті бас дәрігер. Өз ісіне берілген, сабырлы, жауапты адам. Айналасы оны құрметтейтін, ал науқастар - сенетін. Жұмысы көп, кейде тіпті түнгі кезекшіліктермен қатар, ауыр шешімдер қабылдауға мәжбүр болатын.

Гүлбар болса - Облыс әкімінің көмекшісі. Үнемі ресми киімде, қолында папка, күнделікті жиналыстар мен хаттамалар арасында жүрген әйел. Жасы отыз жетіге жеткен.

Гүлбар үйіне кеш қайтты. Қолында - тағы да қағаздар. Жұмыс, тапсырма, жоспарлар. Жол-жөнекей дүкенге кірді.

Үйге келіп, айнаға қарады, көзінің алдына сызық түсіпті...Берік те әлі сызық жоқ, ұялды...ас үйге кіріп шайын қайнатып отырғанда, есік қоңырауы соғылды. Ашса - Берік.

Кәдімгі сабырлы кейіппен тұр. Аздап шаршау бар.

- Жақсысың ба? - деді ол жай ғана.

Берік бас зеді. Гүлбар оған күтпеген сұрақ қойды: - Мен сенен бес жас үлкенмін соны білесің бе? Берік күліп- неге оны айттың?

Берік үнсіз оның қасына отырды. Қолын ұстап:

- Мен бәрін білемін, бірақ сені таңдадым. Сенің ішкі батылдығыңды таңдадым. Сен үйленгенге дейін де әкімшілікте жалындап істеп, өзіңді ғана емес, өзгелерді де алға сүйредің. Ауылға бірге бардық, бәрін көзіммен көрдім, жүрекпен сездім... Ал мен... саған сүйсіндім.

Гүлбардың көзінен жас домалап түсті. Бірінші рет - әлсіздігін жасырмады. Бірінші рет - жұбаныш іздеді.

- Ал ел мені ол кезде сыртымнан «кәрі қыз» дейтін?  Ақырын сыбырлады.

- Ел қазір сенің орныңда басқа біреуді әңгіме етеді. - Біз... жүрекпен таңдадық. Бізге сырттың үні емес, ішкі үн маңызды.

Аспанда жұлдыздар көрініп тұрды. Үй ішінде сәбидің тыныс алғаны ғана естілетін. Гүлбар Беріктің иығына сүйеніп, терең бір тыныс алды.

- Ешқашан мені аяма, жарай ма? Берік оны құшақтай түсіп: үнсіз мақұлдық білдірді.

Сол сәтте Гүлбар бұрын ешқашан сезбеген тыныштыққа енді. Бұл тыныштық – қалың елдің арасындағы жалғыздықтан құтылу емес, жүрекпен таңдалған жалғыз жанмен өмірді бірге сүрудің ләззаты еді. Кезінде кәрі қыз атанған Гүлбар Беріктің жүрегімен қалаған жары.

Жүрек жоспары махаббат. Махаббат жасқа қарамайды. Ал жүрек - есепке емес, шындыққа сенеді.

Күз өтті. Тағы қыс келді. Гүлбардың ішкі жылуы сыртқы суықты басып тұрды. Бұрын өзі үшін ғана өмір сүріп келген әйел енді бір шаңырақтың иесі, бір сәбидің анасы, бір ердің жары еді. Тіршілігі көп өзгерген жоқ – таңертең кеңсеге барады, күндізгі жиындарға қатысады, кешке бала мен Берікке асығады. Бірақ өзгерген – жүрек. Бұрын салмақты, салқын, есепке құрылған дүниенің арасында тірі жанға сыр ашпай жүретін жүрек – енді толық оянып, әр күнді сезінуге бейім.

Ал Берік болса, бұрынғыдан да сабырлы, бірақ бұрынғыдан да жұмсақ. Оның үнсіздігі енді салқындық емес, қауіпсіздік еді. Ол да өзгерді – бір кездері жұмыстың құрсауында жүрген дәрігер, енді түн ортасында баласын құшағына алып, әндете жүретін әке, әйелінің әр күйін ішінен сезінуге тырысатын жарға айналды.

Бір күні әкімдік дәлізінде әріптестерінің бірі Гүлбарға әзіл аралас күліп айтты:

- Е, Гүлбар ханым, сіздің де "жоспарыңыз" іске асты ғой. Бұрын: "Жұмыс, жұмыс," - деп жүріп, зулап жүретінсіз. Енді міне, жарқырап тұрсыз.

Гүлбар сабырлы жымиып:

- Бұл менің жоспарым емес, жүректің жоспары, - деді жай ғана.

-А, не дейсіз.

- Иә. Кейде ең дұрыс жоспар - ештеңе жоспарламау. Тек жүректі тыңдау.

Кешке үйге келгенде, Берік баланы тербетіп отыр екен. Бала жымиып, көзін анасына тікті. Сол сәтте жүрегі тағы да әлденені сезді - рахат, тыныш, ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ, тек өзі үшін, өзі таңдаған өмірдегі ең шынайы сәттер.

Берік оған қарап:

- Ертең менің кезекшілігім жоқ. Баланы анама қалдырып, екеуміз серуендейік пе?

Гүлбар күлді:

- Серуен дейсің бе? Соңғы рет қай кезде өзіміз үшін шықтық екен?..

- Міне, сол үшін.

Келесі күні олар қаланың сыртындағы бұрынғы саябаққа барды. Тағы көктем. Жапырақтар жаңа бүршік жарды. Баяғы сол орындық...

Берік қалтасынан кішкентай қағаз алып шықты. Гүлбарға ұсынды. Ашып қараса - баяғы өлең, бірақ соңына бір жол қосылыпты:

"Жүрек жоспары - сенен басталды.

Ал менің бақытым - сенімен жалғасты."

Берік Гүлбарға қарап:

- Махаббат - күнтізбемен емес, батылдықпен өлшенеді. Себебі жүрекпен құрылған одақ – ең берік құндылық. Ал ол құндылық... күнде бірге оянудан, бірге кешті қарсы алудан басталады. Бұл махаббаттың шынайы жалғасы.

Күндер күнтізбеден сырғи берді. Бала өсті. Үйдің іші бұрынғыдан да жылылыққа тола түсті. Енді таңғы ас үстінде үш кесе қойылады. Екеуі кофе ішсе, үшіншісінде – жылы сүт. Ал үш табақтың ішіндегі кішкентай қасық – осы отбасының ең үлкен үмітіндей еді.

Берік әдетінше ерте тұрып, жұмысқа асығады. Гүлбар да кеңсеге дайындалады. Бірақ бұрынғыдай емес. Енді әр екеуінің күнтізбесі қанша тығыз болса да, бір-біріне қарайтын "кеңістік" бар. Ол – уақытпен емес, жүрекпен өлшенетін кеңістік.

Кешкілік. Дала қарауытып қалған. Гүлбар үйде жалғыз – баласы әжесінде, Берік ауруханада кешке дейін. Ескі қойын дәптерін ашып отыр. Баяғыда жазып, аяқсыз қалған парақтарды оқып шықты. Содан соң жаңа бет ашып, жазды:

Кейбір әйелдерге өмір бәрін ерте береді:

Сүйікті жар, бала, тату отбасы, тыныш тірлік.

Басқаларына – кешіктіріп.

Бірақ кешіктіріп берген бақ – тереңірек орнығады екен.

Мен асықпадым.

Себебі күтудің өзі – жүректің батылдығы...

Сол сәтте есік ашылып, Берік кірді. Шаршаған, бірақ үйге кірген бойда жүзі жадырап кеткен.

- Бала ұйықтап қалды ма?

- Әжесінде. Бізге кешке демалыс, - деп жымиды Гүлбар.

Берік шәй демдеп, екеуі бірге ас үйге отырды. Үндемей отырып шай ішті. Бірақ бұл үнсіздік – бөтендіктен емес, толық түсіністіктен туған тыныштық еді.

Берік бір сәт Гүлбардың дәптеріне көзі түсіп:

- Тағы жаздың ба?

- Иә. Бұрын мен ішіме сыймай, үнсіз жылайтынмын, жазатынмын, жеңілдеп қалатынмын. Енді жүрегім толып кеткенде – жазам, бұл қуаныш, тағы рахаттанып қаламын. Себебі жазу тыныштық сыйлайды. Жазу нағыз еңбек, байлар артына зәуілм құрылыс салып қалдырса, біз мәңгіге өшпес жазулар қалдарамыз, иа бұл одан әлде қайда бағалы.

Берік оның қолын ұстап:

- Сен мені таппағанда, мен өзімді таба алмас едім.

Гүлбар көзіне жас алып, еріксіз жымиды:

- Мен де. Көп жыл бойы өзімді жалған рөлдің ішінде жоғалтып алғандай едім... Жұмыс, есеп, хаттама. Бірақ сен келгенде - мен жай ғана әйел болуға рұқсат алдым. Жай ғана бақытты болуға...

Сол сәтте терезенің ар жағында алғашқы қар жауа бастады. Жарық шамға түсіп, үлпілдеп түскен әр түйіршік - дәл қазіргідей бір сәттің қайталанбас екенін еске салғандай.

Гүлбар орнынан тұрып, Беріктің иығына жамылғы жапты.

- Сен үнемі мені жылытып үлгересің, - деді Берік.

Гүлбар ақырын жауап қатты:

- Себебі сен мені тоңғанда емес, тоңбай тұрып-ақ түсіндің.

Сол түні Гүлбар терең ұйқыға кетер алдында соңғы жолдарды жазды:

Жүрек жоспары...Ол маған кеш келді. Бірақ дәл уақытында жетті.

Себебі ол – жүрекпен таңдалды. Енді бұл жол – біздің балаға бастау, болашаққа бағдар.

Нағыз махаббат – уақыттың емес, таңдау мен сенімнің жемісі.

Үш жүрек. Бір үй. Бір өмір. Бір-біріне адал үш тағдыр.

Қыс бітіп, көктем лебі есті. Қар еріп, күн жылына бастады. Қаланың шетінде орналасқан үйлердің ауласы лайға толып, балалар далаға шығып, су кешіп ойнайтын шақ келді. Ал Берік пен Гүлбар үшін көктем - ішкі жаңғырудың белгісі болды. Олардың баласы - Айдар - енді үшке толып, тілге келіп, әкесін «ағаш дәрігер», анасын «қағаз бас» деп атайтын болған. Екеуі де бұл сөздерге ренжімейтін. Себебі сол кішкентай ауыздан шыққан әр сөз – жүректен шыққандай еді.

Сол көктемде аудан әкімдігінде өзгерістер басталды. Гүлбарға жоғары қызмет ұсынылды - облыстық басқармада орынбасарлық. Жауапкершілігі көп, мәртебесі жоғары, бірақ қала ауыстыру қажет. Ол кешке Берікке қарап:

- Маған жаңа қызмет ұсынылды, - деді қысқа ғана. Берік таңданбады. Оған таңданар ештеңе жоқ еді - ол Гүлбардың қабілетін, табандылығын, өз-өзіне талапшылдығын бұрыннан білетін.

- Қуаныштымын, - деді ол жай ғана. Гүлбар іркіліп:

- Бірақ сенің жұмысың... Бала... Бәрі осы қалада.

Берік үндемей тұрып қалды. Терең ойға шомды. Сосын:

- Бұл біздің екеуімізге берілген мүмкіндік. Бала қайда өссе де, махаббат пен тыныштық болса - жетеді.

- Ал сен?

- Мен қайда да емдейтін адам табам. Ал сені жоғалтып, осында қалып не пайда?

Гүлбар көзіне жас алып, иығына сүйене кетті.

- Сен менің өміріме кеш келдің, бірақ сенсіз өмірді енді елестете алмаймын. Бір біріне сондай бауыр басып кетті. Туыс, дос, сырлас....

Берік жымиып:

- Себебі мен жүрекпен келдім. Уақытпен емес.

Олар көшті. Жаңа қала, жаңа үй, жаңа өмір. Бірақ ішкі үйлесім өзгермеді. Айдар жаңа балабақшаға үйрене бастады. Берік жаңа емханада жұмысқа тұрды. Ал Гүлбар - енді бұрынғыдай емес, жүрек үнімен шешім қабылдайтын басшы болды.

Бір күні Гүлбар кеңседе кешке дейін қалып, үйге шаршап келді. Бірақ есіктен кіргенде - үстел үстінде бір парақ тұрды. Беріктің жазуы:

"Біз бұл қалаға қоныс аударғанда, мен өзімді жоғалтып алам ба деп қорықтым. Бірақ сенің жаныңда қайда барсам да - өзімді тауып келемін.

Сенің арқаңда мен жақсы дәрігер ғана емес, жақсы адам болып келем.

Ал біздің ұлымыз... ол - жүрек жоспарының жалғасы." Гүлбар парақты кеудесіне басып, көзін жұмды. Бұл сәтте ол бір ғана нәрсені білді - өмір кеш басталған жоқ. Тек дәл уақытында, ең қажет кезінде өз бағытына түсті.

Кейбір махаббат ерте келеді. Кейбірі күттіріп.

Бірақ ең шынайысы - жүрекпен келгені.

Гүлбар үшін бұл махаббат - бақыттың кешігу еді.

Берік үшін - уақытынан бұрын дұрыс таңдау.

Айдар үшін - махаббаттың ішінде өсу.

Бақыт – асықпай келгендерге де жетеді.

Жаңа қала. Жаңа көше. Терезеден қарағанда бейтаныс дүние көрінетін, бірақ үйдің іші - сол баяғы жылу, сол баяғы иіс, сол баяғы тыныштық.

Айдар балабақшаға бейімделіп қалған. Тілі де ширап, әкесіне күнде жаңа сөз үйретіп келеді.

- Әке, білесің бе, “космос” дегеніміз - аспанның ар жағы. Мен өскенде сол жаққа барып, сендерге жұлдыз алып келем!

Берік күлді:

- Тек жұлдыз емес, анаңа айды да ала кел.

Гүлбар сол сәтте ас үйде шай құйып жатқан. Екеуінің әңгімесін естіп, жүрегі елжіреп кетті. Осы сәттер үшін ол талай үнсіз түндерден, көп айтылмаған сөздерден, ауыр тыныстардан өтіп еді. Енді бәрі орнында. Енді бәрі өз уақытында.

Көктем аяқталып, жаз жетті. Жаңа қызметте алғашқы жобалар басталып, Гүлбар күн сайын шешім қабылдайтын. Бірі маңызды, бірі шұғыл, бірі ауыр. Бірақ барлығында оның ішінде бұрынғы Гүлбардан бөлек - жаңа бір сенімділік бар еді.

Бұл сенімділік - махаббаттан туған. Берік берген тыныштықтан.

Себебі енді ол жалғыз емес. Сөз жүзінде емес - шын мәнінде.

Кешкілік. Үшеуі террассада отыр. Айдар ойыншықтарымен ойнап жатты. Берік пен Гүлбар үнсіз шәй ішіп отыр.

- Қарашы, - деді Гүлбар сыбырлап. - Балам өз әлемін салып жатыр. Өз ертегісін.

- Себебі оның ертегісінің шындыққа айналуы - бізден басталды, - деді Берік.

Гүлбар үнсіз бас изеді. Бір сәттен соң:

- Кейде ойланып кетем. Егер ертерек жүрекке ерік бергенімде, бәрі ертерек басталар ма еді?

Берік оны тыңдап болып:

- Мүмкін. Бірақ ерте келген гүл кейде суықтан үсіп қалады. Сенің шешімің - өзің пісіп-жетілген кезде келген шешім. Сондықтан ол мызғымайды. Сондықтан ол берік.

Осылай, өмір жалғасты. Олар қартайып бара жатты. Бірақ бұл - қорқынышты емес еді. Себебі қарттық - бірге көрген таңдар санының белгісі ғана.

Жылдар өткенде Айдар мектепке барды. Сосын университетке. Кейін басқа қалаға, өз жолымен. Ал үйде Берік пен Гүлбар қалды.

Бірақ бұл жолы - үнсіздік қорқынышты емес. Бұл жолы - ол тыныштықтан құралған естеліктерге толы еді. Бір кеште, Айдар демалысқа келіп, ата-анасымен кешкі шай үстінде отырғанда, кенет сұрады: - Әке, анамды алғаш қашан сүйдің?

Берік пен Гүлбар бір-біріне қарап, күліп жіберді.

- Мен оны алғаш көрген күні сүйдім, - деді Берік. Бірақ оның рұқсаты үшін жүрек күтуі керек болды.

Айдар таңдана:

- Сонда сіздер бәрін жүрекпен шешкенсіздер ме?

Гүлбар оған қарап, баяу бас изеді:

- Біз - шын болдық. Шын болған нәрсе ғана ұзаққа барады, балам.

Айдар ойланып қалды. Сосын:

- Сонда бұл сіздердің... жүрек жоспарларыңыз ба?

Берік шәйін ұрттап қойып, жай ғана:

- Бұл - Жүрек жоспары

Күз тағы келді. Үйдің ауласын сарғайған жапырақтар көмкеріп, терезе сыртында баяу жел есіп тұр. Бұл үйдің ішіндегі жылылық сол баяғы қалпында сақталғанымен, уақыт өз ізін қалдыра берді.

Гүлбар бір күндері жұмысын тапсырып, зейнетке шықты. Жай ғана емес - құрметпен, қошеметпен, орнын басқан жастарға ақылын қалдырып. Қанша жылдар бойы қызмет, жауапкершілік, жоспармен өмір сүрген әйел енді бірінші рет өз уақыты өзіне тиесілі екенін сезінді.

-Қазір не істегің келеді? - деген Берік сол күні таңғы шай үстінде.

Гүлбар терезеге қарап отырып:

- Біраз уақыт ештеңе істегім келмейді. Тек тыныс алғым келеді, - деді жымиып. - Сосын... мүмкін өзімнің баяғы жазу дәптерімді қолға алармын.

Күндер өз арнасымен ақты. Айдар өз жолын тауып, жұмысын бастады. Әке-шешесіне жиі хабарласады. Кейде келіп тұрады. Бірақ енді үйдің іші бұрынғыдай баланың күлкісіне толы емес. Бұрынғы қарбалас орнын бірқалыпты тыныштық басқан.

Гүлбар дәптеріне «Сен менің махаббатым емес, өмірлік тыныштыққа айналған адамымсың.

Бірге өмір сүру – мен үшін мақсат емес, сый болды».

Берік оны оқып бір сөйлем қосты: «Сен - менің өмірімдегі ең үлкен шындықсың. Өмірдің аяғына дейін емес... өмірден кейін де арғы дүниеде бірге боламыз».

Жаздың соңғы күндерінің бірі. Айдар ата-анасын көруге келген. Екеуі аулада отыр. Анасы орындықта, Берік шәй құйып отыр. Айдар сәл ойлана:

- Мен сіздерге қарап, махаббатты түсіндім.

Гүлбар жымиып:

- Махаббатты сөзбен емес, жүрек жоспарымен болады.

Айдар бас изеді:

- Сіздерде ұрыс-керіс болмады ма?

Берік күліп: - Болды, балам. Айқай да болды, үндемей ренжу де. Бірақ біз ешқашан бір-бірімізге теріс қарап ұйықтамадық. Міне, айырмашылығы сонда.

Гүлбар- Махаббат деген – үнемі жақсы көру емес. Қиын кезде де бірге қалу. Сол арқылы жүрек шыңдалады.

Айдар ойланып қалды. Анасы мен әкесіне қарап отырып, мен де сондай махаббатты қалаймын деп шын жүрегімен күбірледі.

Уақыт баяу жылжыды. Күндер мен жылдар терең із қалдырып, кейде жаңғырған естеліктермен еске түсті. Жел әлі де сәл суық, бірақ жүрек жылы. Қасындағы Берік көзіне қарап:

- Еске алсаң, бәрі қалай басталды?

Гүлбар жай ғана жымиып:

- Халықпен бірге болудан... ауылдан келген соң бір күн бірге қыдыру туралы айтқан едің.

- Иә, - деді Берік. - Сонда жүрек жоспарымыз басталды.

Олар үндемей, аспанға қарап отырып, бірге өткен күндерін үнсіз ойлады.

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

0 пікір