Сәрсенбі, 17 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 158 0 пікір 17 Қыркүйек, 2025 сағат 13:52

«Айбалта-2025» жаттығуының алғашқы кезеңі басталды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінен алынды.

Қазақстанның батысында «Айбалта-2025» екіжақты жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі басталды.

«Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері дабыл арқылы көтеріліп, толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді.

Маневрлерге 3 мыңның  үстінде әскери қызметші, 1 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Оқу-жаттығу төрт кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде әскери қызметшілер дабыл жарияланған кездегі іс-қимылды пысықтап, белгіленген ауданға аралас тәсілмен марш жасап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті.

Практикалық әрекеттер күндізгі және түнгі уақытта, қорғаныс және шабуыл операцияларын жүргізу жағдайында, ұшқышсыз жүйелерді қолдана отырып өткізіледі. Оқу-жаттығу барысында әскер тектерінің өзара іс-қимылы, командалық басқару дағдылары жетілдіріледі, логистика, тактикалық байланыс және бөлімшелердің күрделі климаттық жағдайда маневр жасау қабілеті пысықталады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары — әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыру, қазіргі заманғы ұрыс жүргізу әдістемесін жетілдіру, сондай-ақ жауынгерлік жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін сынақтан өткізу. «Айбалта-2025» оқу-жаттығуы биылғы жылдың 3 қазанына дейін жалғасады.

Abai.kz

0 пікір