Сейсенбі, 23 Маусым 2026
Қоғам 157 0 пікір 23 Маусым, 2026 сағат 13:25

Қоғамға философ не үшін керек?

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды.

Философ, жалпы, философия - қоғамның мәдени-рухани-психологиялық тамырын ұстайтын тұлға десе болады.

Гегель кезінде «философия өз заманынының ақыл-ой квитэссенциясы» деп айтқанда - осыны айтқан...

Сол себепті, әрбір философ өзі өмір сүрген қоғамда «философиялық ойлау мәдениеті қалыптасса екен" деп армандайды...

Сөйтіп, ол өзінің көп уақытын, білімін, жігерін, денсаулығын Халықты философиялық ағартушылық жұмысқа арнайды...

Философ - философия ілімінің «элитарлы ілім» екенін жақсы біледі, әрі, ол ілімді халық жаппай игермейтінін, әрі, ол мүмкін емес екенін түсінеді...

Бірақ, философ үшін «оның ойын түсінетін, адекватты қабылдайтын, қателігіне сын айта алатын қоғамның болуы» - аса маңызды!

Өйткені, философияның өмір сүру ареалы да «қоғам санасы шеңберінде» жатады...

Философия, қоғам алдындағы приоритетті мәселелерді анықтап, дер кезінде дабыл көтереді...

Ол болмысты тұтас көру арқылы, сол болмыстың бүгінгі өзекті жағын айқындап, оны қоғам алдына шығарады...

Мысалы, «қазіргі қазақ қоғамында сырқаттар бар ма?», бар болса «ол қандай сырқат?» деген сұрақ - қазіргі қазақ философиясының ең өзекті мәселесіге айналып тұр...

Келесі сұрақ - одан жазылу, тұйықтан шығу жолдарын іздеу...

Бүгінде мемлекеттілікпен қатар дамып келе жатқан «мемлекет құрушы ұлт болып қалыптасу» кезінде - философия өзінің «элитарлы ілім» екенін сәл «сырғытып» қойып, өзі де халықтың санасына дендеп енуге күш салуы керек...

(Осының алгоритмін де өзі ойлап табуы керек)...

(Мәселен, қазіргі дін сияқты)...

Міне, осындай практикалық-жанды философия - уақыт өте өзі де болашақта әлем масштабында «элитарлы» ой жүйесіне айналады.

Өйткені, адамзаттың ақыл-ойы - түбінде философияға, яғни, адамзат ақылына барып тоғысады!

Әбдірашит Бәкірұлы, философ

Abai.kz

0 пікір