Алматыда бензинді не бұйрықпен, не қымбатқа сатады
Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ– Алматыда ЖЖМ нарығындағы дағдарыс екінші апта жалғасуда. ҚазТАГ тілшілері Алматының ірі АЗС-теріндегі ЖЖМ барлығын және оның сату сұлбасын зерттеп көруге талпынды.
Мысалы, Royal Petrol-дің АЗС желісінде бензинді басшыларының бұйрығымен, таңғы 8-ден бастап және бір автокөлікке тек 20 л көлемінде сатылады. АЗС қызметкерлері әрбір бекеттің жоғарғы октанды бензин сатуының нормасы барлығымен түсіндіреді. Мысалы, Абай-Саин көшелерінің қиылысындағы АЗС, бұйрық бойынша нақты ақшаға жоғарғы октанды бензиннен 500 литр сата алады екен. Еркін саудада 80-ші бензин ғана бар.
Бірақ Royal Petrol-дің жарнамасында барлық бензиннің барлығы көрсетілген. Журналистің – «Тәуір бензин бар ма, жоқ па?», - деген сауалына операторлар – бар, бірақ талонмен, -деп жауап береді. Ал талонды алу үшін оператор бас кеңсеге баруды ұсынады. Оның айтуынша онда талон еркін және шектеусіз сатылады.
Sinoil желісінің жарнамасында бнзин бар болғанымен операторлар ауызша «жоқ» дейді. Бірақ талоныңыз болса, бензин құйып береді. Розыбакиев пен әль-Фараби көшелерінің қиылысындағы АЗС-те, күзетшінің қасында тұрған адам тура сол жерде 93-ші бензиннің 20 литрлік талындарын 2200 теңгеден ұсынып тұр, яғни литріне 110 теңгеден.
Helios желілерінде 93-ші бензин бұрынғысынша 72 теңгеден сатылып жатыр, бірақ кезек үлкен.

ҚазМұнайГаз-дың АЗС-терінде бензин жоқ және болмайды, дейді операторлар. Бұл жүйеде бір аптадан бері бензин жоқ көрінеді.
Ұсақ АЗС-терде көпшілік сүйетін 92 және 93-ші бензиндер 94 не 120 теңгеден сатылып жатыр.
Бұрын хабарланғандай, премьер-министр Кәрім Мәсімов 28-ші қыркүйекте ҚР бәсекелстікті қорғау агенттігі мен аймақ әкімдеріне ЖЖМ мен көмір нарығындағы бағаны алдын ала келісушілікке жол бермеу туралы тапсырма берген.
Сәл кейін, 6-шы қазанда, Алматы әкімі Ахметжан Есімов құқық қорғау органдарына ЖЖМ нарығындағы қолдан жасалған дүрбелеңді тудырушыларды анықтауға тапсырма берген. Қала әкімі энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметінше қалаға бензин жеткілікті жеткізілгенін мәлім еткен.
Мысалы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің (БҚА) мәліметінше, 2009 жылдың маусымының аяғында «нарықтағы үлесі 10%-дан аспайтын ұсақ АЗС-тердегі бағаның аздап көтерілгені байқалады. Қолданыстағы заңға сай, егер нарық субъектісі доминант болмаса, оның өнімінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды», - делінген агенттік хабарында.
ҚР БҚА мәліметінше доминант-субъектілердің ЖЖМ бағасын табиғи монополияларды реттеу агенттігі қадағалап отырады. Алматыда 187-ден астам АЗС жұмыс істейді. БҚА мәліметінше Sinoil ( Достық АЗС - ЖШС), Гелиос пен ҚазМұнайГаз (ҚМГ-Алатау ЖШС) АЗС желілері ЖЖМ нарығының 65%-ын жабады.
Ал бүгінгі күндері Алматы өңірінің ЖЖМ бағасын қадағалап отыратын мемлекеттік агенттік бақылауындағы көптеген ірі АЗС-терінде бензин не жоқ, не іріктеліп сатылуда.