Журналистердің мұнай тақырыбы бойынша байқауының қорытындысы жарияланды
Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Журналистердің «Қазақстан мұнайына - 110 жыл» байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл байқаудың ұйымдастырушысы ҚазТрансОйл болды. Алматыда өтіп жатқан мұнай газ көрмесі аясында репортерлерді марапаттау рәсімі өтті.
«Мұнайды құбырмен тасымалдаулардың елдің әл-ауқатын көтерудегі стратегиялық мәні» номинациясында «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы Смадияр Құттыгерей мен «Новое поколение» газетінің рекдакциялық кеңесінің төрағасы Олег Червинский жеңімпаз деп танылды.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» техникалық кітапханасының меңгерушісі Мәдина Берғалиева мен «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторының орынбасары Алма Қалусариева «Мұнайды тасымалдау – өткені, бүгіні мен келешегі» номинациясында марапатталды.
«Бұл қадірлі де қиын мамандық» номинациясында Атырау мұнай мен газ университетінің студенті – Сейтжан Спанов марапатталып, «Сапалы авторлық материал» номинациясында – «Деловой Казахстан» апталығының қызметкері Ирина Лис марапатталды.