Қамалғанына қарамай, Сабдалин ТЖ вице-министр болып қала береді
Астана. 9 қазан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ТЖМ бапасөз қызметі Абылай Сабдалинде, қамалғанына қарамай, оның вице-министрлік лауазымы сақталатынын хабалады.
«Әзірге тергеу жүріп жатыр, сондықтан Абылай Сабдалин вице-министр болып қала береді. Егер сот оның айыбын дәлелдегені туралы үкім шығарса, ол қызметінен босатылады. Ақтық сөзді сот айтады. Қазір анықтау мен жағдайды тексеру жүріп жатыр», - деді жұма күні баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, вице-министр 29 қырқүйекте қаржы полициясының қызметкеріне аса ірі көлемде пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталып, 2-ші қазанда оған айып тағылған. Және Астананың Сары арқа аудандық соты оны қамауға алу туралы санкция берді.
Қаржы полициясының өкілі $45 мың көлеміндегі пара «тергеу алды тексерудің материалы бойынша шара қабылдамауға» арналғанын мәлім еткен болатын.
Қаржы полициясының мәліметтерінше, ақша республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті анықтаған «ТЖМ-да 2 млрд теңгеден астам соманы мақсатсыз жұмсау оқиғасын тергеу алды тексеру бойынша оң шешім шығармау үшін» қаржы полициясының қызметкеріне арналған.

«Пара берудегі делдал ретінде ТЖМ-нің бір департамент директоры қатысқан. Ол қаржы полициясының өкіліне $30 пара беріп жатқанда ұсталған соң қылмыстық қудалау органдарына көмектесуге келіскен. Делдал Сабдалинге параны бергендігі туралы баяндап, одан $15 қаржы полициясына беру үшін алған», - деп деп сәрсенбі күні экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.