Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Білгенге маржан 700 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 15:11

Мбаппе қалай тамақтанады?

Сурет: fondoruso.ru сайтынан алынды.

«Адам – жеген асына сай» деген халық даналығы бар. Бұл нақылдың шындық екеніне кәсіби спортшылардың өмірінен көз жеткізуге болады. Әлемдік футболдың жарық жұлдызы Килиан Мбаппе дұрыс тамақтанудың арқасында спорттағы биік жетістікке қол жеткізіп отыр.

Мбаппе Роналду мен Мессидің тәжірибесін үлгі тұтып, күніне алты рет тамақтануды әдетке айналдырған. Оның ас мәзірі салауатты әрі түрлі дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарға негізделген. Бұл – футболшыға жаттығу кезінде қажетті энергияны сақтап, бұлшық ет қызметін қолдауға және тез қалпына келуге көмектеседі.

ПСЖ ойыншысы жиі паста жейді. Көмірсу мен дәруменге бай бұл тағам оның ас қорытуын жақсартып, алаңдағы қимыл-қозғалысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек, ол бидай, қантсыз ботқа, тұтас дәнді дақылдар, көкөніс пен жеміс арқылы энергия алады. Ал ақуызды бұршақ тұқымдастардан, балықтан, тауық еті мен жұмыртқадан толықтырады. Майды зәйтүн майынан, авокадо мен жаңғақтан алады. Күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішу де – оның басты қағидаларының бірі.

Мбаппе шектен тыс зиянды тағамдардан қатаң бас тартқан. Ет, газды сусындар, тазартылған ұн өнімдер мен қантты тұтынбайды. Оның орнына көмірсулар мен ақуызға негізделген тағамдарды таңдайды.

Әлемдік футбол жұлдызының сүйікті асы – паста карбонара. Итальяндық бұл тағамды ол мейрамханаларда жиі тапсырыс беріп жейді. Сонымен қатар, спагетти болоньезе мен песто пастасын да ұнатады.

Көптеген футболшылар өздеріне кейде «чит-мил» (рұқсатсыз ас мәзірі) жасап, тәтті немесе зиянды тағам тұтынады. Мбаппе мұндайға да аса қызықпайтын спортшы. Ол үшін ең бастысы пайдалы ас мәзірін сақтау.
Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл қағидалар Мбаппенің алаңдағы ерекше жылдамдығы мен төзімділігінің сыры болса керек.

Дүйсенәлі Әлімақын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 350
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 2780
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 314