Қазақстан тарихын әлемдік үдеріс аясында зерттеу керек!

Қазақ халқының бай тарихи өткен жолы бар, оның тарихының беттері бүкіл Орталық Азия мен Еуразияның тарихымен тығыз байланысты, оның аумағы заңды түрде адамзат өркениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі болып саналады. Тарих ғылым ретінде жеке адамның да, жалпы қоғамның да рухани дамуының құрамдас элементі болып табылады.
Отаршылдық пен кеңестік унитаризм кезінде қазақ халқының тарихи санасы қатты деформацияланғанын айта кеткен жөн. Таптық, идеологиялық көзқарастардың басым болуына байланысты тарихи-ғылыми зерттеулердің мүмкіндіктері айтарлықтай тарылды. Тоталитаризм кезіндегі тарих режимді қолдау қызметін атқарды.
Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы жаңаша туылуда. Қоғам руханиятын жаңғыртудың белсенді үдерісі жүріп жатқан Тәуелсіздік жағдайында оның ұлттық өзіндік санасы мен ұлттық мақтанышының, тарихи жадының өсуі, Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі объективті және шынайы тарихын қалпына келтірудің маңызы зор.
Уақыт өткеннің тарихи тәжірибесіне объективті және сыни баға беруді талап етеді, өйткені біз одан бүгінгі күннің көптеген күрделі сұрақтарына жауап табамыз. Қазақстан тарихын дүниежүзілік тарихи үдерістермен байланыссыз дұрыс түсіну мүмкін емес. Курстың мақсаты – Қазақстан тарихын тек Орталық Азия аймағында ғана емес, бүкіл дүние жүзінде болып жатқан процестермен байланыстыра оқыту.
Қазақстан тарихын зерделеу барысында оны философиялық категориялармен тығыз байланыста көп өлшемді тарихи процесс, әртүрлі тарихи дәуірлердің оң және теріс бағалары мен олардың қоғам мен мемлекеттің прогрессивті дамуына қосқан үлесін объективті талдау арқылы материалды берудің логикалық формасы ретінде ашып көрсету қажет.
Бұл ретте ұлттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, діни нанымдарды ескеру маңызды. Олар бізді Қазақстанның тарихи процесін әлемдік-тарихи үдеріс аясында терең, жан-жақты зерттеуге бағыттап, оны зерттеудің басым бағыттарын айқындайды.
Керімсал Жұбатқанов,
тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті.
Abai.kz