Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1184 0 пікір 8 Қазан, 2025 сағат 15:23

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кетеді

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

«Air Astana» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін айтты.

Компания мәліметінше, Фостер өз қызметін аяқтағаннан кейін де компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Оның орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметіне тағайындалмақ.

Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал 2017 жылдан бастап компанияның қаржы саласын басқарып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1387
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1034
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 968