Бейсенбі, 23 Қазан 2025
Жаңалықтар 222 0 пікір 22 Қазан, 2025 сағат 13:40

Үкімет дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңгені қайта бөледі

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы – ел дамуына жаңа серпін беретін маңызды құжат. Оның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық болжамға сүйене отырып жасалуы – ұзақмерзімді жоспарлаудың белгісі.

Осы орайда 30 млрд теңге өңірлердің инфрақұрылымына бағытталуы – өте орынды қадам. Бұл қаражат су, жол, жылу секілді нақты мәселелерді шешуге, өмір сапасын арттыруға сеп болады.

Ал бірінші кезектегі шығыстарға 4 млрд теңге бөлінуі мемлекеттің икемді және жауапты қаржылық саясатын көрсетеді. Соның арқасында төтенше жағдайлар мен әлеуметтік маңызы бар салалар қамтылуы тиіс.

Ең бастысы 1,4 трлн теңге даму басымдықтарына қайта бөлінді. Бұл қаражат білім, денсаулық, цифрландыру, «жасыл» экономика сияқты ел болашағын айқындайтын бағыттарға жұмсалады.

Жалпы бұл бюджет – тек сандар жиынтығы емес, бұл – болашаққа бағытталған нақты қадам. Енді бастысы әр тиынның нақты нәтижеге жұмыс істеуі!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1049
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10424