Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
Бетбұрыс 1386 0 пікір 27 Қазан, 2025 сағат 14:21

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау қалай жүргізілуде?

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Қазар жаһанда мүмкіндгі шектеулі жандарға қатысты түрлі бағдарламалар ұсынылып жатыр. Соның бірі «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға» сүйене отырып, 2019 жылы Бас хатшы жариялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектерді инклюзиялау жөніндегі стратегиясы Ұйым қызметінің барлық салаларына мүгедектерді толық және елеулі тартуды қамтамасыз етуге бағытталады.

Бүгінде мүгедектерді инклюзиялау мәселелері Ұйым қызметінің барлық аспектілерінде және жоғары деңгейде шешімдер қабылдауда қозғалып отыр. Соның нәтижесінде елімізде басшылық пен есептілік жақсарды, бағдарламалық қызмет неғұрлым инклюзивті сипатқа ие бола бастады, бұл ретте қолайлы ұйымдастырушылық мәдениет қазақ елінде қарыштай қалыптасуда.

Деректер мүгедектердің инклюзиясын еліміздің ауқымда ілгерілету үшін барған сайын кең мүмкіндіктерге ие екенін және бұл БҰҰ мүше мемлекеттер ұстануы тиіс қағидаттарға көбірек дәрежеде сәйкес келетінін көрсетеді.

Стратегиялық жоспарлауға, басшылыққа, персоналды даярлауға, деректер жинауға және ынтымақтастыққа қатысты көрсеткіштерге қатысты прогреске қашанда үкімет тарапынан қолдау көрсету және гуманитарлық дағдарыстарға ден қою қабілетін нығайтты. Мүгедектер мақсатты бастамаларды қалыптастыруда, сондай-ақ мүгедектердің инклюзиясын республикалық, өңірлік және ұлттық шеңберлер мен бағдарламаларға ықпалдастыру бағытндағы келелі жұмыстар үлкен рөл атқара бастады.

2019-2024 жылдардағы әлемдегі және еліміздегі прогресс үш нақты жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Біріншіден, мүгедектердің инклюзиясы көбінесе стратегиялық жоспарларда және бағдарламаларды әзірлеу, деректер жинау және бағалау процестерінде ескеріледі, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының мүше мемлекеттермен жұмыс жоспарында мүмкіндіктерін кеңейтті.

Екіншіден, стратегия шеңберінде жүргізілген жұмыс бүкіл жүйе шеңберінде іс-қимылдағы міндеттемелерді іске асыруға және практиканы келісуге ықпал ететін бағалауға, сатып алуға, консультацияларға және қол жетімділікке қатысты ұсынымдар сияқты практикалық құралдарды жасауға алып келді.

Үшіншіден, ішкі өзгерістер мүгедектердің Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде ғана емес, ТМД елдерінде оның ішінде Қазақстанда да өздерінің тәжірибелері мен басшылық дағдыларын жұртшылық алдында ұсына алуына жағдай жасады.

Елімізде де осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Билік пен белсенді қоғамдық ұйымдар тапынан мүгедектерге арналған бизнес-идеялар жұрт назарына ұсынылып, үйден шықпай толыққанды табыс тәсілі ретінде қашықтан жұмыс істеу нұсқалары кеңінен ұсыныла бастады.

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бұл орайда жайлы жағдайлар жасалауда. Осы бағытта жасалынып жатқан қозғалыстың қолайлылығы туралы сөз ететін болсақ, онда бизнес туралы ойлауға бола ма?

«Мүгедек» мәртебесін алған адамдар заманалық технологиялық игіліктерді игеру бағытында өз үлестерін қоса бастады. Иә, мемлекет барлық жанды жұмыспен қамти алмайды. Бірақ, өз қабілетін ашып көрсетіп, жеке бизнесін ашуға ешкімге кедергі болған емес. Бұл туралы ойланудың қажеті жоқ па?

Оның үстіне, дәл қазір бұл мәселе өте өзекті. Неге десеңіз, қаржы мен өзін-өзі жүзеге асыру бәріне қажет. Бірақ көптеген мүгедектігі бар адамдар үшін тіпті ең қарапайым жұмысқа орналасу - проблема. Есесіне технологияны дамыту, жаппай цифрландыру, интернетке және білімге қолжетімділікті кеңейту шын мәнінде оны қалаған әркімге мүмкіндік бере алады.

Сондықтан мүгедектігі бар адамға жалақының қандай нұсқаларын табуға болатындығы туралы сөйлесейік. Сөзімізді бастар алдында бірден атап өттін нәрсеміз біз сөз ететін көптеген нұсқалар табыс әкелетін шағын хоббиден жеке бизнесті құру мүмкіндігін білдіреді. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Бірақ әркім де бұл жаққа қарап отырған жоқ.

Интернетте мүгедектер үшін табыс табу идеяларын елімздегі бизнес өкілдері мен ұйымдары кеңінен жұртшылыққа табыс табу көзі ретінде ұсына бастады. Енді соларға қысқаша тоқтала кетейік.

Копирайтинг - бұл мәтіндерді жасау, сондай-ақ олардың бірегейлігін арттыру үшін редакциялау және қайта жазу саласы. Бұл жерде тапсырыстар өте көп. Бірнеше үлкен ресурстар бар - тапсырыс берушіні орындаушымен байланыстыратын, тапсырыстарды жариялайтын және мәміленің тазалығы үшін төлемдер жүргізетін копирайтинг биржалары.

Контент жасау - қазір кез келген фирма, кез келген кәсіпкер, егер ол нарықты дұрыс бағаласа, әлемдік желіде дамымайынша оның бизнесі жеткіліксіз болатынын түсінеді. Ал желіні дамыту үшін - яғни жеке сайттар мен әлеуметтік желілердегі беттердің көмегіне сүйенетін контент қажет. Бұл жерде мазмұн деп фотосуреттер мен мәтіндер түсініледі. Егер әлеуметтік желілерге келетін болсақ, онда мазмұнның вариациясы ақпараттық және ойын-сауық посттарымен толықтырылады.

Әлеуметтік желілерде әкімшілік ету - бұл жұмыс контент-менеджментке өте ұқсас, бірақ әрқашан қарапайым және мардымсыз нәрсе ретінде қабылданады. Әкімшілендіру міндеттеріне топты әлеуметтік желіде басқару, пайдаланушылармен қарым-қатынас жасау, мазмұнды іздеу және жүктеу, жарнамалық ұсыныстарды басқару кіреді.

Бұдан бөлек мүкіндігі шектеулі жандар үшін Сайттарды жасау, Хэнд-мейд саласындағы мүгедектерге арналған табыс идеялары қолөнер бұйымдары Жеміс-жидек өсіру саласындағы, Қаржы және білім беру саласындағы мүгедектерге арналған табыс идеялары ұсынылуда. Кейбір мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы Репетитор, Бухгалтер, Тендер маманы, Тауарларды қайта сату, Қызметтер агрегаторы үйден шықпай айналысуға болатын тағы бір салалар ретінде кең танымалдыққа ие бола бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1154
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10594