Бейсенбі, 30 Қазан 2025
Аласапыран 338 0 пікір 29 Қазан, 2025 сағат 14:38

Украина шабуылы: Мәскеу аспанынан маза кетті

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Президент Владимир Зеленский соңғы мәлімдемесінде: «Біз Ресейге қарсы алыстан соққы беру географиясын кеңейтеміз», - деп кесіп айтты.

Соңғы күндері Украина дрондары Мәскеу мен оның маңайына толассыз шабуыл жасап, Ресей аспанын мазасыз күйге түсірді. Әуеден келетін соққылар жиілеген сайын Кремль Мәскеу айналасына әуе қорғаныс кешендерін үйіп төгіп орнатуға мәжбүр болды. Мәскеу қазір толыққанды қорғаныс режиміне көшті.

Ресейге бағытталған соққылардың 90 пайызы — украиналық өндіріс.

Зеленскийдің өзі: «Біз Ресейдің МӨЗ-деріне соққы жасауды жалғастырамыз. Қазірдің өзінде олардың 22–27 пайыз жанармай өндіру қуаты азайды. Енді оны еселеуіміз керек. Біздің есеп бойынша, Ресей АҚШ-тың соңғы санкцияларынан ай сайын кемі 5 миллиард доллар жоғалтып отыр. Ал біз жасаған соққылар бұл шығынды бірнеше есе арттыруы тиіс», - деді

Зеленскийдің айтуынша, Украина енді «Рута» және «Фламинго» атты зымырандарды жаппай қолдануға көшпек.

Ал суретте: «Киевті 3 күнде аламыз», - деп алашапқын болғандар Мәскеудегі Қызыл алаңды, Кремльді Украина дрондарынан қорғап тұр...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1229
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10762