Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2405 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 06:52

БТА банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде қаржыны игеруді аяқтады

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ – «БТА Банк» АҚ ҚР халқының ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде қаржы игеруді аяқтады. БТА тобы барлығы 37 млрд теңгені игерді. Банктің баспасөз қызметі дүйсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«БТА банк» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды сәтті аяқтады. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде  БТА тобы 10 429 заемшымен келісімдерді қайта жасап, 37 млрд. теңге қаржыны немесе екінші деңгейлі банктерге бөлінген барлық қаржының 30% игерді», - делінген банк таратқан ақпаратта.

«БТА барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде біз бөлінген қаржыны түгел игердік. Бұл бағдарлама 1 қазанда аяқталғанына қарамастан, банк несиелерді өтеуден алынған қаржы есебінен займдарды мемлекеттік бағдарламаның шарттарымен қайта қаржыландыруды жалғастырды. Сонымен қатар, БТА Банк «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ бағдарламасы бойынша 11,2 жылдық пайыз мөлшерлемемен несие беріп жатыр», – деп атап көрсетті банктің басқарушы директоры Күнсұлу Қапбасова.

Хабарланып отырғандай, несиелердің 80% 11% мөлшерлемемен, қалған 20% жылына 9% мөлшерлемемен бюджеттік сала мен әлеуметтік мұқтаж топтар үшін қайта қаржыландырылды.

«БТА банк» активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде екінші орында. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-тамыз айларында банктің активтері 2,3 трлн теңгені, жеке капиталы «минус» 1,2 трлн теңгені құрады. Банктің аталған мерзім аралығындағы таза шығыны 1,8 трлн теңге болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарапайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланған болатын. 2009 жылдың 18 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның иелігіндегі акциялардың көлемі 75,1% болды. Банк 2009 жылдың 20 сәуірінде өзінің кредиторларына негізгі қарыздары бойынша төлемдерін тоқтатынын және сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспары бар екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ ҰӘҚ «БТА банк» акцияларын ресейлік «Сбербанкке» сату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 2009 жылы банк $4 млрд. сыртқы міндетін өтеуі тиіс болатын.

21-ші қыркүйекте банк пен кредиторлар комитетінің арасында қарыздарды қайта құрылымдау бойынша түсіністік меморандумына қол қойылған. 26-шы қыркүйекте ҚҚА қарыздарды қайта құрылымдаудың БТА банк ұсынған жоспарын мақұлдады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435