Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1018 0 пікір 6 Қараша, 2025 сағат 15:16

Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген.

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Биыл ел бойынша кітапханалар келушілер санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр.

Жыл басынан бері 37 миллион оқырман кітапханаға барған. Соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық. Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген.

Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды.

Соңғы айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан. Бүгінде Қазақстанда 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері ел бойынша 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2829
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 933
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 877