Дүйсенбі, 10 Қараша 2025
Жаңалықтар 103 0 пікір 10 Қараша, 2025 сағат 15:11

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты: Қазақстан 1-орын

Сурет: ҚР Спорт және туризм министрлігінен алынды.

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ересектер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының спортшылары 11 алтын, 16 күміс және 13 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Біздің чемпиондар: Талант Тоқтыбаев (контакт 85 кг), Акбар Елубайұлы (контакт +94 кг), Ақжүніс Өтебаева (контакт 57 кг), Мақсат Төленді (ноу ни 85 кг), Мақсат Мұратұлы (ноу ги 56 кг) Атакелді Есетов (ноу ги 62 кг), Аслан Қанатбек (хиф контакт 62 кг), Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф контакт 69 кг), Жібек Құлымбетова (неваза 48 кг), Шерхан Жақсылық (контакт хиф 85 кг), Бекзат Баймұратов (контакт хиф 77 кг);

Ересектердің жалпы есебі:

  1. Қазақстан (11 алтын, 16 күміс, 13 қола)
  2. Бейтарап атлеттер командасы (10 алтын, 7 күміс, 17 қола)
  3. Вьетнам (8 алтын, 7 күміс, 10 қола)
  4. Германия (7 алтын, 3 күміс, 4 қола)
  5. Бразилия (6 алтын, 7 күміс, 4 қола)

Айта кетейік, биылғы чемпионат 14 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері U16-18-21 жас санатындағы жекпе-жектер өтеді. Ересектер арасында 59 мемлекеттен 1100-ге жуық спортшы қатысты. Осы тұста джиу-джитсу елімізде мемлекет тарапынан басымдық берілетін спорт түрлерінің қатарына жататынын айта кету керек. Жан-жақты жағдай жасалып жатқанның арқасында джиу-джитсу бұқаралық сипат алып, танымал спортқа айналды. Спортшыларымыз жазғы Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар және тағы басқа кешенді жарыстар мен әлем, Азия чемпионаттарында жоғары жетістікке жетіп келеді.

Abai.kz

0 пікір