Дүйсенбі, 10 Қараша 2025
Жаңалықтар 688 0 пікір 10 Қараша, 2025 сағат 15:33

Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалануға бола ма?

Коллаж: baq.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда зейнетақы жинағын тұрғын үйге жұмсауға қатысты маңызды шешім дайындалуда. 

Қазақстан азаматтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылуы мүмкін.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынылатын бұйрық жобасын әзірледі.

Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді қарастырады. Атап айтқанда, оларды келесі бағыттарға жұмсауға рұқсат беру ұсынылады:

– Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша негізгі қарызды өтеу;
– Ай сайынғы төлемді азайту;
– Несие мерзімін қысқарту.

Құжатта айтылғандай, жаңартулар Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты. Оған сәйкес Қазақстан резиденттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынатын зейнетақы төлемдері бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Қағидалар жеке тұлғалардан - ҚР резиденттерінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстаудан босатуды көздейтін ҚР жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру және банктер алдындағы борыштық жүктемені азайту үшін негізгі қарызды өтеу, ай сайынғы төлемді азайту, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит мерзімін қысқарту, ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін тиімді нормаларды белгілеуді қарастырады, - деп жазылған құжатта.

Министрлік өзгерістердің мақсаты – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнаманың шеңберінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша құралдар ұсыну екенін атап көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір