Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2883 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 08:09

Ержан Әбдіраман. Миллион кімге бұйырады?

Нұртілеу Иманғалиевті қаржы полициясы шақырды

Өткен дүйсенбі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Нұртілеу Иманғалиевқа қаржы полициясынан звондап, оның Астанаға келуі керек екенін хабарлады. Мұны біз Н. Иманғалиевтің өзінен білдік. Ол кісі өзі төраға болып келгеннен кейінгі жылы корпорация бюджетінің екі есе өскенін айтады. Бірақ сол ақшаның билігі бірінші басшының қолында болмаған сияқты. Ал «Время» газеті арқылы белгілі болған миллион долларлық келісім-шартты «Қазақстан» тарапынан бекіткен кім? Американдықтармен бірлесіп фильм түсіру туралы идея кімдікі? Корпорацияның сол кездегі басшысын жоғалған фильм мен миллионға байланысты тергеуге шақырды ма? Біз осы сұрақтарға жауап алу үшін Нұртілеу Иманғалиевке телефон шалған болатынбыз.

Ол кісі әзірге шақырту алмағанын және «Времяда» жазылған шатаққа өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Және бұл сұрақтарға телефон арқылы жауап бергісі келмейтінін білдірді. Алайда, бір жарым сағаттан кейін кездесіп, сұхбат беруге келісті.

Осы арада біз «Қазақстанға» қатысты дау туралы қысқаша айта кетейік.

Нұртілеу Иманғалиевті қаржы полициясы шақырды

Өткен дүйсенбі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Нұртілеу Иманғалиевқа қаржы полициясынан звондап, оның Астанаға келуі керек екенін хабарлады. Мұны біз Н. Иманғалиевтің өзінен білдік. Ол кісі өзі төраға болып келгеннен кейінгі жылы корпорация бюджетінің екі есе өскенін айтады. Бірақ сол ақшаның билігі бірінші басшының қолында болмаған сияқты. Ал «Время» газеті арқылы белгілі болған миллион долларлық келісім-шартты «Қазақстан» тарапынан бекіткен кім? Американдықтармен бірлесіп фильм түсіру туралы идея кімдікі? Корпорацияның сол кездегі басшысын жоғалған фильм мен миллионға байланысты тергеуге шақырды ма? Біз осы сұрақтарға жауап алу үшін Нұртілеу Иманғалиевке телефон шалған болатынбыз.

Ол кісі әзірге шақырту алмағанын және «Времяда» жазылған шатаққа өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Және бұл сұрақтарға телефон арқылы жауап бергісі келмейтінін білдірді. Алайда, бір жарым сағаттан кейін кездесіп, сұхбат беруге келісті.

Осы арада біз «Қазақстанға» қатысты дау туралы қысқаша айта кетейік.

Таяуда «Қазақстан» телерадиокорпорациясы арқылы миллиондаған бюджет қаржысының жоғалып кеткені анықталған болатын. «Время» газеті бұл жөнінде қатарынан екі мақала жариялады. Соның біріншісінде 2007 жылдың қазанында «Қазақстанның» американдық "Left Behind Inc." атты компаниямен бірлесіп фильм түсіру туралы келісім-шарт жасасқаны, келісімге сәйкес телерадикорпорацияның аталған американдық компанияға 1 миллион 111 мың 111 доллар аударғаны, бірақ ақыр соңында фильмнің де, ақшаның да жоқ болғаны жазылады. Айта кететін нәрсе, құжатта Шыңғыс Ермұхаметұлы Қабидин деген кісінің осы жұмыс бойынша «Қазақстанның» АҚШ-тағы тұрақты өкілі болатыны көрсетіледі. «Келісім-шартты «Қазақстан» ТРК-нің тарапынан бұрынғы басқарма төрағасы Нұртілеу Иманғалиев қол қойып, бекіткен» дейді «Время» газеті. Бір аптадан кейін қаржы полициясы бұл істі тексеріп жатқанын хабарлады.

«Келісім-шарттағы қол менікі емес!»

Белгіленген уақытта кездесуге барғанымызда Нұртілеу Иманғалиев бізді мынадай жаңалықпен қарсы алды. «Сендермен сөйлескен соң қаржы полициясының бір қызметкері звондап, «Время» газеті жариялаған фактілерге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін Астанаға баруым керек екенін айтты. Бірақ қашан баратыным белгісіз. Жаңағы адам бастығымен сөйлескесін тағы хабарласатын болды» деді ол кісі.

Бізді таңдандырған алғашқы нәрсе, американдықтармен бірлесіп түсірілетін фильм, олармен жасалған келісім-шарт және төленген миллион доллар туралы Нұртілеу Иманғалиевтің білетіні біздің естігенімізден көп болмай шықты. Келісім-шарттың жасалып, ақшасы төленіп кеткенін ол кісі өзге жұрт сияқты «Время» газетінен оқып-білген.

- Онда американдық компаниямен жасалған келісім-шартқа қалай қол қойдыңыз?

- Мен ол құжатқа қол қойғам жоқ! Келісім-шарттағы қол менікі емес! - деп ол кісі үстелінде жатқан «Время» газетіндегі материалды алып, онда жарияланған келісім-шарттағы қолды көрсетті. Және газеттің бір бұрышына «Нұртілеу» деп өзінің қолын қойды. -  Менің қолым міне мынандай.

- Ал келісім-шарттағы қол кімдікі?

- Ол - менің сол кездегі бірінші орынбасарым Дәурен Әбдіхамитовтің қолы.

- Келісім-шарт өзі қайдан келді, кім әкелді?

- Оны маған жаңағы Әбдіхамитов әкелді. Әрине, басында қатты таңдандым, тіпті бұл мені басыну сияқты көрінді. Әдетте мұндай шаруа қалай жасалады? Бастама алдымен бірінші басшыға ұсынылады, сосын өзге жетекшілермен бірге көздеген мақсаты, беретін нәтижесі, кететін шығыны талқыланып, сосын бекітіледі. Мұның ешқайсысы жоқ, бірінші орынбасарым маған дайын келісім-шартты қол қоюға әкеліп тұр. Менсіз кесіп-пішілген бұл неғылған жоба екенін сұрағанымда ол «Так надо» деп жауап берді. «Басшылық айтты, орындау керек» дегенге келтірді.

- Басшылық деп отырғаны кім?

- Анық білмеймін. Қазбаламадым. Бірақ менің жобалауым бойынша, ол - министр. Сосын мен әріптес болып отырған адамның кім екенін сұрадым. Қазір есімде жоқ, әйтеуір бір нәрселерді айтты. Мен түсінбедім, тіпті түсінгім де келмеді. Бірақ құжатты қайтарып жібердім.

Нұртілеу Иманғалиев фильм туралы әңгіме сонымен бітті деп ойлаған, тіпті ол мәселені мүлдем есінен шығарған. Өйткені, ол кісімен бұл тақырыпта қайтадан сөз болмаған. Көп уақыт өтпей, желтоқсанның 25-сі күні оның өзі қызметтен босатылады. «Сол кезде өзім ішкі аудит жасатуды жоспарлап жүргем. Қазір ойлап отырсам, соған үлгертпей мені тезірек қызметтен босатып жіберген сияқты. Өйткені, жұмысыма байланысты сын айтылған жоқ. Мені қызметтен кетірудің жолдары жасалып жатқанын өзім сезіп жүргем. Өйткені, маңызды мәселелер орынбасарым арқылы шешіле бастады. Бірақ қызметтен осылай босауым мен үшін күтпеген нәрсе болды» дейді Н. Иманғалиев. Мұның мәнісін сұрамақ болып ол Ертісбаевқа звондапты, алайда министр трубкасын көтермеген.

Бүгінде бұрынғы төрағаның ашу-ызасын келтіріп отырған нәрсе басқа. «Әбдіхамитов менің фамилиямның жанына тік сызықты сызбастан, яғни менің орныма өзі қойып отырғанын білдірместен, өз қолын қойып жіберген. Өзім қарсы болған істің менің сыртымнан жалғасқанын, ақшаның төленіп кеткенін енді біліп отырмын» дейді Иманғалиев.

«Ертісбаевтың баласының бізде қызмет жасайтынын мен білгем жоқ»

«Қазақстанда» төрағаның келісімінсіз жасалған шаруа жалғыз бұл емес. Мысалы, Нұртілеу Иманғалиев өзі басқаратын мекемеде сол кездегі министр Ермұхамет Ертісбаевтың баласының жұмыс істейтінін алдына келісім-шарттың нұсқасы келгенде бір-ақ біліпті. «Мына делдал болып жүрген Қабидин дегенің кім? Оның қандай қатысы бар бұл іске?» деп сұрағанымда Әбдіхамитов «Ол - министрдің баласы. Біздің корпорацияның қызметкері» деп жауап берді. Сөйтсем, Шыңғыс Қабидин коммерциялық бөлімде штатта екен. Оны маған айтпаған, менің сыртымнан жұмысқа алыпты.

- Жұмысқа алу туралы бұйрыққа сіз қол қоймайсыз ба?

- Бұйрыққа бірінші орынбасарым да қол қоя береді. Өйткені, мен үнемі қызмет орнымда болмаймын. Іссапарға кететін кездерім көп. Мұндай кезде бүкіл құзырет бірінші орынбасарымның қолында болатыны, бұйрыққа бірінші орынбасардың да қол қоятыны біздің тәртібімізде жазылған.

Иманғалиев сол кездің өзінде Әбдіхамитовке әжептәуір мол құзірет берілгенін айтады. Оның бірінші міндеті қаржылық саясатты жүргізу болған. Шығармашылық және кадр мәселесіне де төрағамен бірдей араласқан. «Оның үстіне ол министрге менен гөрі жақын екенін білдіріп отыруды ұмытпайтын» дейді Иманғалиев. Ол Дәурен Әбдіхамитовті төрағаның бірінші орынбасары қызметіне тағайындатқан Ертісбаевтің өзі екенін айтады. «Министр мені шақырды да, оны бірінші орынбасар етіп алуға бұйрық берді. Оған сенетінін айтты. Бұрынғы орынбасарым таза, мәдениетті адам еді, соны босатқызып, орнына тағайындатты. Әбдіхамитов тоғыз ай орынбасар болды да, ақыры менің орныма келді» дейді Иманғалиев.

Нұртілеу Иманғалиев басшы болып келгеннен кейінгі 2007 жылы корпорацияның бюджеті үш миллиард сегіз жүз мың теңгеден сегіз миллиардқа жуық өсіпті. «Келесі жылы тағы да көбеюі тиіс еді» дейді бұрынғы төраға.

«Сіз «Времядағы» мақаладан кейін Ертісбаевпен және Әбдіхамитовпен сөйлестіңіз бе?» деген сұраққа Иманғалиев «Не үшін олармен сөйлесуім керек? Ол келісім-шартқа байланысты ешбір құжатта менің қолым жоқ. Мені неге алдадыңдар деп звондаймын ба? Істі тиісті органдар тексеріп, анықтай жатар» деп жауап берді. Бірақ бар жауапкершілікті өзінің мойнына іліп жіберулері мүмкін деп қауіптенетінін жасырмады. «Тағы бір құжаттар шыға келуі ықтимал. Ол құжаттар мен қызметтен кетерде шу көтермеуім үшін жасалған болуы мүмкін. Бірақ менің арым таза. Шынымды айтайын, ақша жеуден мен қорқам. Кезінде сыртымнан «өзі де жемейді, басқаға жегізбейді» деген сөз айтылыпты» дейді Иманғалиев. Ол кісіні таңдандыратын бір нәрсе - «Время» газетінің өзіне хабарласпағаны, «Мына қол сіздікі ме?» деп сұрамағаны. «Мен корпорацияның қазіргі басшысы Жанай Омаровқа арымның таза екенін жария түрде айтатынымды білдіріп едім, ол «Біз  тексеріп, қолдың сіздікі емес екенін анықтадық. Асықпаңыз» деді. Бірақ оның қаржы жөніндегі орынбасары «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында «Қол - Иманғалиевтікі» депті. Мен осыған түсініңкіремей отырмын» дейді Иманғалиев.

 

Нұртілеу Иманғалиев қазір «Қазақстан» корпорациясында басқарма төрағасының кеңесшісі болып қызмет істейді.

«Сонымен қаржы полициясына айтатын жауабыңыз дайын ғой?» деген сұраққа ол кісі

«Қазір сендерге не айтсам, оларға да айтатыным сол болмақ» деп жауап берді.

 

«Азат» газетінен алынды.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394