Сейсенбі, 18 Қараша 2025
Жаңалықтар 166 0 пікір 18 Қараша, 2025 сағат 14:29

Арнаулы салық режимі кімдерге қолданылмайды?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Үкіметтің 2025 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Атап айтқанда, тыйым салынған қызмет түрлеріне 44 атау енгізілген.

Олардың қатарында мыналар қамтылған:

- Есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;

- Акцизделетін өнімді өндіру немесе көтерме сату;

- Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты сату;

- Астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет;

- Лотерея өткізу;

- Ойын бизнесі саласындағы қызмет;

- Радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;

- Сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызмет;

- Күзет қызметі;

- Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет;

- Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;

- Жер қойнауын пайдалану (кен іздеуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда);

- Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу;

- Қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет;

- Сауда нарығын жалға алу және пайдалану;

- Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына жататын сауда объектілерін, 1 және 2 санаттағы стационарлық сауда объектілері;

- Автомобиль лизингі;

- Құрылыс машиналары мен жабдықтарының лизингі;

- Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының лизингі;

- Тұрғын және тұрғын емес ғимарат салу;

- Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер;

- Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

- Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;

- Жүк теміржол көлігінің қызметі;

- Темір жолдар мен метро құрылысы;

- Мұнай және газ магистральдық құбырларын салу;

- Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет;

- Көпірлер мен туннельдер салу;

- 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу;

- Төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметі;

- Қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы;

- Бағалы металдардың көтерме саудасы;

- Шикі мұнайдың және ілеспе газдың көтерме саудасы;

- Кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі;

- Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

- Шикі мұнайдың және ілеспе газдың көтерме саудасы;

- Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдер өндірісі;

- Бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет;

- Ломбардтардың қызметі;

- Банк қызметі;

- Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жағдай өзгермейтінін айтты.

Abai.kz

0 пікір