Сәрсенбі, 26 Қараша 2025
Жаңалықтар 93 0 пікір 26 Қараша, 2025 сағат 16:21

Апелляциялық сот: "Дикий Арман" үкімі өзгермейді!

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Алматы қалалық соты Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты апелляциялық шағымдарды қарап, алғашқы соттың үкімін күшінде қалдырды.

Соттың мәліметінше, шешім апелляциялық алқада қаралғаннан кейін қабылданған. Осылайша, Жұмагелдиевке шығарылған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.

Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында Алматыда өзімен бірге болған тағы бес адаммен бірге ұсталған. Бас прокуратураның дерегінше, ол Қаңтар оқиғалары кезінде адамдарды ұрлау және заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген күдікке ілінген.

Аталған қылмыстық іс бойынша барлығы 45 адам сот алдында жауап берді. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару, тонау, заңсыз бостандықтан айыру, қызмет өкілетін асыра пайдалану, жаппай тәртіпсіздікке қатысу және бандитизм баптары бойынша айып тағылған.

Abai.kz

0 пікір