Трамп келіссөздер туралы не дейді?
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздерде ілгерілеу барын айтып, Украинамен тіл табысқанын жеткізді.
Сонымен Трамп не дейді?
* Келер аптада арнайы өкіл Стив Уиткофф Мәскеуге, келіссөзге аттанады.
* АҚШ-тың бейбітшілік жоспары 28 тармақтан 22 тармаққа қысқарды.
* Бейбіт жоспардың көп тармағы келісілді.
* Келіссөздерде алға жылжу бар. Украина өзін жақсы жағынан көрсетіп отыр. Келіссөз нәтижелеріне көңілі толады. Ал Ресеймен келіссөздер жалғасуда. Кей тармақтар бойынша келіспеушіліктер бар.
* Украинаға қоятын қатаң мерзім жоқ.
* Біз әзірлеген бітім жоспары ресейшіл бағытта деу қателік. Қос тарап та кей мәселеде шегініс жасайды.
* Егер соғыс әрі қарай жалғасса, Украина кей территориясынан бәрібір айрылады. Сондықтан, Украина қазір соғысты тоқтату мен әрі қарай соғысып, адамынан айырылу арасында таңдау жасау.
* Еуропа соғысты тоқтатуға мүдделі, сондықтан ол қауіпсіздік кепілдігін ұйымдастыруға қатысады.
Abai.kz