Сейсенбі, 2 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 158 0 пікір 1 Желтоқсан, 2025 сағат 17:19

Гүлнар Бажкеноваға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Полиция ORDA порталының бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы qaz365.kz сайты жазды.

Алматы қаласының полиция департаменті ORDA ақпараттық сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенова тергеліп жатқаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, бірнеше рет және қасақана жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу шаралары барысында арызданушылардың уәждері жан-жақты тексерілуде. Алдын ала деректерге сай, 2024 жылы жарияланған материалдардың бірінде құқық қорғау органы қызметкерінің пара алу кезінде ұсталғаны жөнінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылған. Тергеу нәтижесінде мұндай оқиғаның болмағаны анықталды», – делінген полиция хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір