Тұмау жұқтырғандар азайды
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша жағдай түзеліп келеді.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, елдегі жағдай біртіндеп түзеліп келеді.
Тұмау басылып жатыр, 15% төмендеу бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қабылдаған шаралар өз нәтижесін беріп жатыр, – деді еліміздің бас дәрігері.
Сонымен бірге ведомство басшысы инфекциялық төсектердің толымдылығы шамамен 60% деңгейінде екенін айтты.
Abai.kz