Жұма, 12 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 115 0 пікір 12 Желтоқсан, 2025 сағат 18:00

Жетісу облысының әкімі ОКҚ алаңында брифинг өткізді

Сурет: ortcom_kz телеграм арнасынан алынды.

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша барлық салалар бойынша өсім байқалады - Жетісу облысының әкімі

Биыл жылдың соңында Жетісу облысының жалпы өңірлік өнімі 2,7 трлн теңгені құрайтын болады. 10 айдың қорытындысы бойынша барлық экономикалық индикаторлар бойынша өсім байқалады. Жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтауға толық мүмкіндік бар, деді өңір әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

«Жыл басынан бері облыс экономикасына 17% өсіммен 397 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңірімізде 2023-2025 жылдары 108 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 70 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%-ға төмендеді, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайды. Орташа айлық жалақы 18%-ға өсіп, 331 мың теңгені құраса, жан басына шаққандағы орташа табыс 19%-ға ұлғайып, 172 мың теңгеге жетті», - деді облыс әкімі.

Abai.kz

0 пікір