Сәрсенбі, 17 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 116 0 пікір 17 Желтоқсан, 2025 сағат 14:47

«Жас ұрпақ және Абай мұрасы» форумы өтті

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Семей қаласындағы «НЗМ-де» кемеңгер ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жас ұрпақ және Абай мұрасы» тағылымды форум өтті. 

Форумның шымылдығы ақынның өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен «Жас Абай» әдеби қойылымымен түрілді.

Ашылу сөзінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем-к  музей-қорығы ДҒЖЖ орынбасары   Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы, «Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының» СБҚБ меңгерушісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы, мектеп директоры Қайнарбаев Ербол Еділбайұлы сөз сөйлеп, мазмұнды баяндама жасады.

Іс-шараға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ көпшілік абайсүйер қауым қатысты. Форумда халықаралық байланыс та көрініс тапты. Әзірбайжан мем-ң Баку қаласынан онлайн қосылған ұстаздар: Айтен Багиева, Ханым Фаталиева мен Джавахир Мамедова дана ақын шығармашылығының түркі әлеміндегі рухани маңызы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мұнда, жалпы, қала мектептерінің оқушылары қатысқан түрлі танымдық және шығармашылық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды.Олардың ішінде кітапханада өткен зияткерлік-танымдық кездесу, ақын шығармалары негізінде сахналық көріністер байқауы, зияткерлік ойындар және «Абайды оқы, таңырқа» ашық шаңырақ сағаты өтті. Шаңырақ сағатында оқушылардың ата-апалары мен «Абай» журналының басшысы Шарапиева Райхан Әбілмансұрқызы, «Шәкәрім университетінің» профессоры, әдеби қызметкер Қадыров Айбар Қабыкенұлы аталмыш шаңырақ сағатында барынша белсенді болып, ұстаздар тарапынан қойылған хакім Абай турасындағы бірді-екілі сұрақтарға толымды түрде жауап қайтарып, жұртшылық алғысына бөленді. Форум аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының  жылжымалы көрмесі де ұсынылды.

Жабылу салтанатында «Абай» журналының басшысы Райхан Әбілмансұрқызы бүгінгі форумның маңызына тоқталып, мектеп кітапханасына дана Абайдың бюсть-мүсінін, көрнекті ақын, ҚР Мәдениет және Қоғам қайраткері Оспанов Мұратбек Қабиденұлының

«Сөз патшасы» таңдамалы жыр жинағын, «Абай мұрасының шырақшысы» кітаптарын, «Абай» журналын сыйға тарту етті.

Жалғасынша журнал ұжымына «Алғыс хат», қарасөз кітабы табысталды.

Ерік Қайратбекұлы

Abai.kz

0 пікір