Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2323 0 пікір 26 Желтоқсан, 2025 сағат 14:06

Мектеп директорлары 2 мерзімге қызмет өтей алады

Сурет: SN.kz сайтынан алынды.

Мектеп директорларының ротациялау ережесі өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

— Бізде ротация туралы арнайы бұйрық бар. Сол бұйрық бойынша, ротация бір елді мекеннің көлемінде ғана жүзеге асырылады. 7 жыл басшылық қызметте болған адам міндетті түрде ротацияға жатады. Бірақ бір елді мекенде бір немесе екі мектеп қана болуы мүмкін. Ондай жағдайда басшылар бір-бірінің орнына отырып қана ротация жасай алады. Себебі басқа елді мекенге ротацияланатын болса, оның барып-келу шығындарын, тұрғын үй шығындарын бюджет көтеру керек. Жергілікті бюджетте ондай шығын қаралмағандықтан ротация мүмкін болмай жатады. Соның салдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы басшы болып отырған адамдардың кейсін көріп отырмыз, — дейді ол.

Айтуныша, министрлік ротация ережесіне өзгеріс әзірлеп жатыр.

— Мектеп басшылары екі рет 5-5 жылдан, яғни, толыққанды 10 жыл бір мектепте директор бола алады. Одан кейін ротация жасай алмайды. Қызметін ауыстыру керек болады. Осындай өзгеріс енгізіледі, — деді Жұмашев Қаныбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 874
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2281
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 586
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 565