АҚШ: Аталған елдерге бару қауіпті!
ҚШ Мемлекеттік департаменті халықаралық сапарға шығуды жоспарлап отырған азаматтарға арналған туристік кеңестерді жаңартты.
Бірқатар ел, соның ішінде Ресей, Украина және Беларусь үшін төртінші — ең жоғары қауіп деңгейі сақталды. Бұл осы мемлекеттерге баруға толық тыйым салуды білдіреді.
Ведомство бұл деңгей қауіпсіздікке елеулі қатер төнетін елдерге тағайындалғанын түсіндірді. АҚШ-тың мұндай елдерде өз азаматтарына көмек көрсету мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі.
— Бұл елдер қауіпті және Америка Құрама Штаттарының өз азаматтарына көмектесу мүмкіндігі шектеулі. Бұл елдерге қандай жағдай болмасын бару ұсынылмайды, — делінген Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.
Тәуекел деңгейі жоғары елдер тізіміне Ауғанстан, Беларусь, Буркина-Фасо, Мьянма, Орталық Африка Республикасы, Гаити, Иран, Ирак, Ливан, Ливия, Мали, Нигер, Солтүстік Корея, Ресей, Сомали, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия, Украина, Венесуэла және Йемен кіреді.
Айта кетейік, АҚШ Орталық Азия азаматтарына 15 мың АҚШ долларға дейін визалық кепіл енгізді.
Дереккөзі: inform.kz
Abai.kz