Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
Жаңалықтар 1970 0 пікір 13 Қаңтар, 2026 сағат 14:47

Ауыр атлет Алмас Өтешов қызметке тағайындалды

Сурет: Никита Басов / kaz.inform.kz.

Алмас Өтешов ауыр атлетикадан Қызылорда облысы ересектер құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. 

Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығы шықты.

Алмас Дәулетярұлы Өтешов ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болды.

Қазірге дейін ол басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер, «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

Тәжірибелі маман енді облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға күш салады. Сондай-ақ спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына, жалпы нәтижесіне жауапты болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 959
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1292