Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1262 0 пікір 14 Қаңтар, 2026 сағат 14:53

Блогер Қайсар Қамза не үшін іздеуде?

Сурет: qandastar.kz сайтынан алынды.

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға не үшін іздеу жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

НЕ ҮШІН КҮДІККЕ ІЛІНГЕН

Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінуде. Күдікті 5 жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісінде, «qais_arr» атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ «Telegram»-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

- Осылайша, Қайсар Қамза азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған. Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған, – делінген хабарламада.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

ХАБАР БЕРУ

ҚМА егер іздеуде жүрген блогердің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды:

+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

Call-center: 1458

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1029
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 325
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 307