Жұма, 16 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 145 0 пікір 16 Қаңтар, 2026 сағат 14:02

Әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкініш білдірді. Сондай-ақ кешірім сұрап, жаза тағайындауда жеңілдік танытуды өтінді. Оның айтуынша, асырауында бес кәмелетке толмаған баласы бар, оның үшеуі бұрынғы некесінен.

Бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Кеше, яғни 15 қаңтарда болған сот отырысында Алмас Садақбаев сотта жылап, халықтан кешірім сұрады.

Abai.kz

0 пікір