Сенбі, 16 Мамыр 2026
Жаңалықтар 2508 0 пікір 21 Қаңтар, 2026 сағат 16:11

Аралды сақтау жобасы: Екінші кезең дайындалады

Сурет: anatili.kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің Ұлттық құрылтайда Солтүстік Арал теңізін сақтау және халықаралық су ынтымақтастығын дамытуды одан әрі ілгерілету шараларына қатысты алға қойған міндеттеріне ерекше тоқталды.

— Арал теңізінің мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Су ресурстары министрлігі осы жылдың 30 маусымына дейін Солтүстік Арал теңізін сақтаудың екінші кезеңін дайындауды аяқтап, жыл соңына дейін қаржыландыру мәселесін, оның ішінде халықаралық ұйымдар есебінен қаржыландыруды шешуі қажет. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының алаңында Халықаралық су ұйымын құруға қатысты бастамасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Су ресурстары министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, биыл Қазақстанның су-энергетикалық ресурстары картасын әзірлесін, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2788
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1896