Жексенбі, 1 Ақпан 2026
Жаңалықтар 117 0 пікір 1 Ақпан, 2026 сағат 16:23

Жаңа Конституция: Білім мен еркіндіктің үйлесімі

Сурет: Bakhytgul Ilessova facebook арнасынан алынды.

Жаңа Конституция жобасы туралы пікір білдіргенде, мемлекеттің басты құндылығы – адам мен оның бостандығы екеніне толық сенімді болдым. Бұл қағида біздің білім беру жүйеміз үшін өте маңызды, себебі білім алушылардың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілеттері олардың болашақтағы кәсіби жетістіктеріне тікелей әсер етеді. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің оқытушысы ретінде, менің ойымша, Конституциядағы жаңашылдықтар жоғары оқу орындарының сапасын арттыруға және оқу процесінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Конституцияда бекітілген ой еркіндігі мен шығармашылыққа берілетін мүмкіндіктер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің білім алушыларының еркін ойлай алатын, өз пікірін ашық білдіруден қорықпайтын, бәсекеге қабілетті маман болуына жол ашады. Бұл жаңартылған Ата заң жастардың тек дайын ақпаратты жаттап қана қоймай, оны сыни тұрғыдан талдап, жаңа шешімдер іздей отырып, өз жұмысын тиімді және инновациялық жолмен жандандыра түсетініне сенімім мол.

Қалыптасқан ортада білім алған болашақ мамандар тек кәсіби шеберлікке ие болмайды, сонымен қатар өз қоғамы алдындағы жауапкершілігін сезінетін саналы тұлғаларға айналады. Сондықтан бұл реформаны еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды әрі батыл қадам деп бағалаймын.

Ілесова Бақытгүл Ералықызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ақпараттық Жүйелер кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы

Abai.kz

0 пікір