АҚШ пен Иран келіссөзі Оманда өтеді
Тараптар 6 ақпан күні Оман астанасы Маскатта кездеседі. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи айтты. Сөзінше, келіссөздерде ядролық бағдарлама талқыланады.
«Ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсеткені үшін омандық бауырларымызға алғыс білдіремін», – деп жазды Арагчи X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін АҚШ пен Иран өкілдерінің кездесуі Ыстанбұлда өтуі тиіс болған. Оған Таяу Шығыс елдерінен келген бақылаушылар қатысады деп жоспарланған. Бірақ 3 ақпан күні Тегеран келіссөздерді Оманға көшіруді және оны екіжақты форматта өткізуді ұсынған. Бұл туралы Axios басылымы жазды.
Abai.kz