Бейсенбі, 12 Ақпан 2026
Дін 126 0 пікір 12 Ақпан, 2026 сағат 13:39

Ілім – Қазақ пен Алаш туралы не айтады?..

Сурет: автордың жеке мұрағатынан алынды.

Бисмиллай Рахмани Рахим!

Маған бүгін  Ұлы Қазақ топырағындағы «Қақпаларда» жатқан күллі рухты әулиелер күңіреніп көтеріліп есік ашып келіп, Хәлемсің деп қолыма қалам ұстатты. (« ...Сөз – рух. «Хәләмсің»- дедім. Сенің денеңе Аллаһ ат қояды. Демек, Хәләм адамның  Аллаһпен сөйлесуін растайтын дүние. Хәләм – рас. Құранның арғы жағында Алла сөйлеп тұр, бізге осыны айтып тұр»- деген сөзді жеткізетін ілімді адамды айтады...», «Ілімнің аты - Қарсылық». 19.10.2020 ж). Сол күңіренген әулиелер; «Қазақ, Алаш жайлы жаз, жеткіз» деген аманат артты. Әрине бұл белгі жақсы емес...

Алланың – жан жаққа қойған белгісі, уақыты бар. «Қақпа» деген не – ғайыптан  төгілген нұрды сақтайтын жер. Сол Ұлы Қазақ жеріне орналасқан «Қақпалар» әулиелер қасиетін қастерлеп, дұғадағы ұрпақтарға Алланың шапағаты тиетіндігін жеткізеді. Ескі «Құлан» қаласы орнындағы  «Құлан төбе» соның біреуі. Бұл төбенің  әу бастан атқарған қызметі, «Аңырақай» апатынан бұрын,  осы киелі жерге Соғыс Пірлерін қондырғанда, Әулиелер жеті жылдан жепіс жылға, немесе бір ғасырдан он ғасырға дейін дұға тілеп отырған жер. Қақпаны Құдай кез келгенге аштыртпайды. Әулие атанып  келгенге беретін Өзінің белгілі бір мұқият дүниесі, аманаты бар. Сол дүниеге жауап беретін Қағанаты бар. Қағанат Құдайдың берген аманатын орындау деген сөз.

Алла тағала Өз рахымын жаудырып, тілектерді қабыл ету үшін «Қақпаны» Адам Ата дүниеге келмей тұрып  жындарға жаратқан. Жындар сол «Қақпаларға» қарсы көтеріліп, содан кейбір «Қақпалар» мәңгілікке жабылып та қалған. Сол «Құлантөбеде» 7000 әулие орналасқан. Әзірге тоғыз әулие сөзге келуде. Осы маңға тағы жеті «Қақпа» қатар түскен. Жетіншісі – Айшы-Майқы қақпасы. Майқы рухы тіршілікке екіге, жетіге бөлініп қаншама рет қайта туып, қайта келген. Бірде рух, бірде қазақ, бірде Алаш болып түскен. Бұл елде жазу, тасқа белгі, таңба салу Алаштан басталған. Ұлы Қазақ жеріндегі сол  тастағы таза белгіні алғаш көрген және қайталап түсірген  аяншы Айшы-Майқы. Ол Алаштың батасын алған. Бұл хабарды  жеткізген қасиетті әулие Домалақ Ана. Бұл жайлы халық әлі білмейді. Әсте, Алла уақыты жеткенде әулиелер арқылы мұны жария етіп білдіреді...

«Қақпаларды»  Алла тағала  Адам Атаны көктен түсірген кезде оны аман есен сақтау үшін даярлап, жұлдыздарға оқ аттырып, сансыз Пірлерді о бастан сонда кіргізіп қойған. Пірлер «Қақпаларға» қызмет еткен. Демек, Адам Атаның ұрпағы тарқамас бұрын, бұл дүниенің бәрі реттеліп қойған.

Алла Қазақ еліне сенімі жоғары деңгейде тұрғандығын мойындату үшін ілім түсірген. Сол түскен ілім «Үкі жолы»  қазақ жеріндегі аңыз «Аңырақай» соғысы басталмас бұрын Пір түскендігін хабарлайды. «Үкі жолы» үкінің киесін қабыл еткен Өсиет. Тарихи «Аңырақай» алаңындағы апатта, 41 000 (қырық бір мың) түскен рухты сақтау  үшін Тәңіріміз оларға жеңіс силаған. Соны жоғарыға шығаруда Әулиелер сол Қақпада қалған.

Әулие деген кім? Әулие – алдымен ұрпақтан ұрпаққа амант тапсырушы. Олар сол «Аңырақай» апатынан қырық жыл бұрын киелі Соғыс Пірлері түсіп, Қазз Ақ ұлтын, оның жерін сақтап қалатындығын хабарлаған.  Бұл хабар – осы «Құландағы» Қыпшақ Ақжұмыртқа әулиенің жеткізуі. Ол «Қақпаға» жеті жасында тағайындалып, 79 жасынан жан баласына көрінбей өмір кешіп, 112 жасында дүниеден өткен. Бұл әулиенің қасында сусыз жерден су шығарар Қарақұл әулие, өз Өсиетімен ел есінде сақталған Түрік әулие, Қазантас әулие, Тоқберді әулие, Күнту әулие, Ақкүшік әулиелердің де аманат Өсиеттері таспаға түскен. Мына шумақтар Түрік әулиенің Өсиеттерінен; 

Арқама періште қонғанда,

Таңым бүгін атқанда.

Жүрегім қалап

Алланың жолына апарған,

Асыл жолым содан қалған

Мөрім менің – астан,

Ас – Құдай жақтан -  десе, Шексіз дүние туралы;

Шексіз дүниенің де сұрауы бар,.

Барғанда берер жауабың болса айтарсың.

Болмаса кінәлі болып қайтарсың. дейді. Тағы да бір өсеті;

«Ұрпақ жаман» деп сөкпе,

Болмасын оған өкпе,

Ұрпағымды жамандаймын деп

Халқыңның ар ұятын төкпе -дейді.  Тағы бір айтқаны;.

Маған жол Ақтан келді,

Құдай жақтан келді,

Ал деп баптап берді,

Алмасам аттап келді.

Бұйрық берілді,

Ал- деді, бар- деді

Сол жерге Өсиетіңді сал...- деді. (Аттары аталынған қалған әулиердің Өсиеттерін ұрпақтары білсін деп Әулиелер кітабына енгізілді...Б.А. ).

Әулиелер – ілім иесі, Алладан жетер хабар иелері.  Рух аруаққа қонады, аруақ арқылы ұрпаққа ілім беріледі. Аруақтар – тірінің ұстазы. Алла әулиелікті бергенде «Саған әулиелік бердім»- деп айтпайды, сұрамайды. Олар ауыр күнәдан сақталынып отырады. Аян әлеміндегі көп қимыл осы Әулиелер әлеміне қатысты. Адам рухтанып, ілімдерді ала бастағанда әулие рухтары Пір қасиетінен құл қасиетіне өтеді,  Әулие өзі көкке бара алмайды. Алла тағала аманат етіп жіберген рух Пірлер ғана  оны көкке апарады. «Әулиелер өлді деп кім айтты, Пайғамбар өлді деп кім айтты, 124 000 пайғамбардың бәрі өлді деп кім айтты? Алла тағала айтқан жоқ. Жай ғана «Өмірден өтті» дейді. Демек, әулиелердің әрқайсысы, Алланың сүйетін соңғы құлы қалғанға дейін қызмет етеді. Адамның санасы баға бере алмайтын мұндай дүниені «Құдайдың құдіреті» дейміз.

Жер беті – тұтас Алланың жазуы.  Елімізде   «Жібек жолы» бойында Пір мен рух түсетін 210 Қақпа бар. Ата жұрт соларды ұжымдап «21 Қақпа» немесе «Түркістанға жол» атайды.

Аталынып отырған осы Әулиелер жеткізген Қазақ пен Алаш атауын айтудан бұрын, алдымен  Пір мен Рух, Аян мен Ілім туралы қысқаша тұжырым. Ескертер жәйт, бұл ілім - тіршіліктің басы да, соңы да дін екенін, тіршілік дінмен көгеріп көктейтінін, тіпті сол дін өзі екенін сезініп ұқпайтын жандарға енші болмайды. Олар жайлы  «Йа Сиин» сүресінің 9-шы аятында; «Олардың алдына бір бөгет, артына бір бөгет тақтай салып қойдық. Көздерін көлегейледік, (иманның жолдары бөгеліп қалғандықтан) олар еш нәрсені көрмейді» -деп ескерткен. Екінші, әдеби тіл, ғылыми тіл, құрани немесе іліми тіл бар. Біз Құрани тілді мақсұт тұттық. Бұл тұжырымдар Ас Сабур ілімінен.

Аян деген сенің жан дүниеңе Жаннаттан кетпей тұрып берген тағдырды ашып айтытын хабар.

Пір ше? Ол адамға не үшін қонады, қасиеті нендей ? Біз тұтынып отырған 18 000 ғалам, жер жүзі адам үшін жаратылса, соның бәрі «Бір уыс топырақ пен бір тамшы суға сидырылып жасалынды» дейді Құран. Осындай ауқымды өте үлкен дүниені Алла тағала кімдерге істетті? Періштелер мен Пірлерге, рухтарға. Адамдардың ішінен шыққан әулиелерге, пайғамбарларға... Бұны Өзі ұйымдастырып, реттеп іске асыртты. Іске асыру барысында адам дайын болмағандықтан кезінде тіршілікке Тәңірдің әмірімен алдымен Пірлер келген. Ілім – Алла  Адам Атадан тараған ұрпақтарды алып жүретін жерге 751 000 Пір түсіргенін айтады. «Пір деген Құдайдың хабарын қондырып беретін жаратылыс. Ол Рух» дейді Алла. Пірдің жолы ақиретке дейін жабылмайды. Пірлерге өз кезінде  аң киелілеріне ауыса беретін қасиет те берген. Көкбөрі, Ілбісін, Үкі, Ақбөкен, Аққу, Ақ қазз т.б. Пірқасиетті орындаушы.

Алла – құдірет, сол құдіретімен адамды жаратып демімен рух қондырды. Адам өзіне қондырылған сол  қасиетімен Алланы көрді. Адам – қабыл алушы, кең пейіл деген мағананы білдірер Алланың қойған аты. Жаратылыс. Басқа жаратылыс Алланы адамдай қабыл ала алмайды. Құдай кім – сөз үйретуші, адамды сөйлетуші. Алла – адамның мақсаты, адам – Алланың мақсаты.  Алла; «Мен саған сенбеймін. Мен саған: «Ей, сен маған сен деймін, Сен деп айтатын себебім, екеуміздің арамызда ешкім жоқ. Мен – Сен...» дейді. Адам Ата осылай алғаш Алладан сөз үйренген. Адам Атаға «Сен Құдайға жақын Пірсің» деп алғаш айтқан Хауа Ана болған. Мен сенің Пірлігіңді, Құдайға жақындығыңды мойындаймын, мен өте әлсізбін, барынша төмен тұрамын сенен. Өмір бойы ұрпағыңды солай тәрбиелеймін...»- деген.

Ислам – киелі рухтардан құралған дін.  Рух деген не?  Рух өзімен өзі жаратылған дүние емес, ол да Аллаһ тағаланың амалын орындауға жеткен дүние. Рух – тірі, нұрлы, сыртқы денесі бар, шексіз болуға ыңғайлы,  мазмұны күрделі, әрі рас ақиқат. Ол Алланың әмірі берілетін жерінен. Рух – Алла тағала «Бол!» десе ғана іске асатын дүние, Алламен тілдесуге, оның разылығымен жұмыс жасауға жол. Сол себепті де ол үлкен әлем. Адам затына алғашқы рух Жаннатта қондырылды. Алла Адам Атаға «Бол!» дедіТәңір Өзіне барар жолда; «Кім дінге құшағын жайып, «Соны маған сіңдір»- деп сұраса, менің құлым сол кезде рух болады»- деді.

Ғайып әлемінде Рух тіршілік иелерімен байланыста тірлік етеді. Сол рух, Алланың нұры денеге  қонуымен тіршілік өріс алады. Руханилық - рухтан шығады, ол Хаийум, яғни аятта. Ол – жұмсаушы, жұмсалушы емес, ол – үкім беруші, басқарушы. Дене рухтың үйі, ұясы. Бірақ киілетін киімі  емес. Киімі бола алмайтыны, денеде жан бар, ми бар. Адамның негізгі бөлігі рухта. («Қызыл кітап» -2, 439-444 беттер).

Ілім Дүниеде қатар тіршілік кешіп жатқан адам заты білмейтін 40 000 әлем барлығын айтады.  Құдайдың ең қарпайым сөзі; «Ілім – ол менің жеке басымның керегі» деуі. Адамның жеке басына берген көмегі де – ілім. Оны адамға әу бастан беріп қойған. Қазақ халықына, әр қазаққа бұдан тыс мол мейірім, өзгермес сабырлық берген. Бұл ақылдан да артық.

Алла Құранда; «Мен айтқан жай сөз, жай емес. Мен сені «Бол» деп қана жараттым. Бол дедім болдың, Өс дедім өстің, Өл дедім өлдің. Тіріл дедім тірілдің. Ақылыңды жи дедім, дүние жи дегенім жоқ, Алланың сөзімен ғана өзіңді ертеңгі күнге, ахиретке дайында. Мен рухтар туралды терең айтқан жоқпын, өзіңнің санаңа сай»- дейді. Демек, Рух денеге қонған соң кәдімгі өсіп тұрған ағашқа су құйғандай, оны қопсытқандай Алла тағала  оны өзгерте алатын Пірді дарытады.  Пірлік қонады.  Көктен келіп-кетіп жатқан Пірмен Алланың біздің Ұлы халыққа өзі аманат еткен дәстүрі бар. Дәстүр – Құдайдың берген жолын бір қалыпта ұстау. Қазақ Алланың 99 атын өз салт дәстүріне кіргізіп, Құран ішіндегі Құранды қабыл алған. Бұл әулиелер хабары. Демек, әулиелер әлі күнге дейін тірі, әлі күнге дейін ұрпақтары дозаққа кетіп қалмас үшін, Құдайдан кешірім сұрап жатыр.

Ілім Перделер немесе Қақпалар аталатын тылсым барын айтады. Әр қазақ ұлтының әулие ұлт екенін, ол Қазз Ақ Пір әулиеден тарқағанын  көре білуі керек. Адам адам болып жерге түскелі құдіретті Алла Жер бетіне 124 000 пайғамбарды жіберген. Бұл бүгінгі Атажұрт ұрпақтары айтатын ескіден қалған аманат. Барлық жерде пайғамбарлар болған. Жердің өзі де осы пайғамбарлық қасиетті мақұлдаған. Бұл хабар бізге жеткен аңыз. Аңыз, қай кезде де шындықты айтады.

Қазз Ақ Пір әулие туралы айтылған соң сол аңызды әңгімеге өзек ете отырып алдымен оның Пірлігі жайлы айталық. Ғайып  ғұзырында біз білетін «Киелі кітаптан» алынған  Шежіреден бөлек,  Қазақ жайлы теріге жазылған  «Ұлы Шежіре» бар. («Ата жұрт» ілімі, «Төртінші билік», №5, 15.03.2021 ж). Осы шежіре  жер әлемді топан су басарда Нұх пайғамбардың; «Апат болса, қашып, тауды паналаймын»- деп  суға жұтылған Кенған ұлынан бөлек, жанында үлкен  ұлы Қазз Ақ болғанын айтады. Сол Қазз Аққа Аллаһтың қойған есімі – Тұнық,  Ақтұнық! Тұнықтың тереңдігін қалаған  Нұх; «Ия, Алла тағалам, сол тұнығыңды одан да әрі тереңдет» деп өзі ұлын – Тереңдет деп атаса, Қазз Ақ есімімен Анасы атаған. Соңғы түйін Қазз Аққа байланған. Қазз Ақ, ортасында екі «з». Ақ бөлек, Қазз, Ақ. Сол Алланың Ақтұнығы өмірден өтер алдында Жаратушыдан;

– Менің нақты өз атымды айтыңыз?- деп сұрағанда;

– Сенің атың  менің хаһ дінім Ислам жер бетіне толық орныққан соң, ұрпақтарыңның басын қосқан  ұлт ретінде айтылады. Сенен өрбіген бүтін ұрпаққа бір атты қоямын. Бұны ешкім ол кезде қазбалап таба алмайды- деген.

Қазз Ақтан үш ұл; Ақыл, Бүйрек, Сеңгер өмірге келген. Қазақтар  Қазз Ақтың Ақылынан тарқаса, түріктер Бүйректен. Екеуінің де әкесі Қазз Ақ, атасы Нұх. Пір Анасы қойған Қазз Ақ есімі Аллаһтың әмірімен тіршілікке дінімен  қайта оралған бүгінгі Қазақ ұлтына артылды. Қазз Ақтың мінезі қатал, адам қорқатын, жанына ешкім жақандап отыра алмайтын, отырған кезде қандай қу адам болса да ұзаққа шыдап дос бола алмайтын жан. Қазз Ақтан өсер ұрпақ осындай,«Атажұрт» рух мінезіне сай...(17.09.2020ж ).

Нұхтың байрақ белгісі – қасқыр басы. Қазз Ақтың да әкеден аманаттап алған белгісі осы.  Ол көктің белгісі - Хаийум. Ғайып болу, көзге көргізбей кету, өзін жоғалтып жіберу қасқырға тән қасиет. Қасқыр малдың үстінен секіріп кетсе; жылқы тұрған жерінде қозғалмай қалады, түйенің тірсегі қатады, қойлардың үні шықпай қалады. Адамның да денесі мен шашы қатады. Алла тағала қасқырдың осы қасиетімен қазаққа дін қасиетін көрсеткен, осы тәрбиемен сүренің бүкіл қасиетін алған. Ата бабамыз бұл діни қасиетті ұрпағына тарқатып сіңірген.

Күллі ұлттар ішінде нағыз діннің қожасы, ақиретке дейін дінді ұстанатын да осы біздің халық. Қазақтың мейірімділігі, жайлылығы жоғалмайды. Басқа ұлтқа қарағанда  бұл қасиет қазаққа мәңгілік сый. Осы сый құрмет басқа ұлттан жеті есе артық салынған. Жеті есе! Жеті есе - деген сөз, қонағын Құдайы қонақ деп қабыл алған, бір, Ғызыр деп Ғызырды бөлек қабыл алған, екі, Ғайыптың хабарына сенген, үш, келген жанды ренжітпеуге дайын тұрған, төрт, аңдардың Пірі бар екенін білген, бес, адамдар ішінде қасиетті туғандарды білген, алты, дінді биік ұстап, пірлікті мойындап Пір қоя білген халық, жеті. Осы жеті қасиетті мойындағандықтан Алла жеті есе мол рахымын берген халық.

Құдіретті Алла Қазақ халқына Ұлы деген ат қойды. Ұлы Қазақ елі , Ұлы Дала деп айтуымен оған  360 Пір жерге түсіп, қызмет етті. Он екі асыл рух, 121 000 түйемен түсті. Бұл елдің дінге қорған болуы Тәңірдің Өз таңдауы. Алла Тағала бұл халыққа «Екі дүниеде қорған боламын» - деп  уәде еткен.Алла  тағалам  осыншама жерді бұл халыққа еншілеп беруінің өзі Қазақтың әулиелігіне ыңғайлап реттегені. Қазақ Алланың дініне қорғаушы болғандықтан қанында Тәңірімен тікелей сөйлесетін қасиет бар. Ол дарыған. Қазақ құрбандық шалып жаңбыр жаудыруды біледі, Құдайы беріп басқа дүние жасағанды да біледі. Аллаһтан тілеп көп нәрсені өзгерте алады...

Қазақ жеріне Исламның келуі тарихы мен таралуын зерттеушілер 751 жылғы «Атлах» қаласында өткен бес күндік ұлы шайқасты «Қытай-араб шайқасы» атап, соғыстың  «жұмбақ» мәнін жеткізе алмай; «Ислам Орта Азияға қылыштың күшімен тарады» деген ақылға сиымсыз тұжырым жасап келеді. «Атлах» соғысының  жұмбақ тылсым сыры – бұл Жаратушының  Нұх пайғамбардың ұлы Қазз Аққа берген уәдесі, өзінің сүйікті дінін осында жеткізіп орнықтыруы. Соғысқа Құрандағы «Бәдір», «Хұнайын» соғысындағыдай  (9 сүре,25 аят)  көк сәлделі періштелер қатысқан. Бұл жерге Ислам осылай қадам басқан соң, Аллаһтың  дін  аманатын арқалар  Қазз Ақтың бірнеше рулар ұрпағынан жиылған Қазақ елінің негізі қаланды. Дінді Алла ғайыптан осылайша топыраққа сіңдіріп, рухтарын бекітті. Алла тағала ғұзырын да, тағын да, барар жерін де адам баласына көрсеткен. Адам ғұзыр дәмін де, суын да татқан, ол жерде отырып-ақ  Алламен сөйлескен.

«Қазз Ақ, сенің рухтанып кетуің жақын. Өле өлгенше ұрпағың маған жақын»- деді Алла. Сол себепті – Қазз Ақ атымды үш мың жылдан кейін Құдай қайырып қойды сендерге. Айналайын ұрпағым, шоғым, шырағым, жалғасым. Алды артымызды нұрландырып ұсталық. Берер батам осы дейді Қазз Ақ атамыздың бізге жеткен аманатында... ( 02.10.2020 ж). Қазз Аққа байланысты «Үйсін» аңыз дастанында мынадай да шумақ бар;

Ата жұртта

Үйсін шырағының жанғаны

Аман алып шыққан соң

Тоғыз жасқа жеткенше

Әлігі Пір жүреді

Үйсінге өмірді үйретеді.

Бір күні Үйсін сұрады;

«Ей, сен кімсің?

Айтшы маған.

Бір оянсам,

Қазз Ақ боп көкке кетесің.

Қайта аруақтарды ертіп келесің.

Қазз Ақ болып ұшып кетіп

Қайта келесің,

Ұйқтадың дейсің,

Көзім менің ілінбейт

Мен кіммін сонда,

Айтшы маған?- дегені.

-Атың Үйсін

Ол шырақ – көктен.

Осы шырақтың астына

Ұлы ұрпақ келеді

Бәріне Құдай өз аманатын береді

Мен – Пірмін

Қаз болып ұшамын

Көтерілгенде Ақ боламын,

Құдайға жақ боламын.

Қазз Ақ деп сен қойдың маған.

Үйсін сенің атыңды

Маңыңа ұрпағың үйілсін деп

Тәңірдің Өзі таңдаған...

Қазақ жайлы «Ұлы Шежіреге» оралайық.  Құрандағы Адам Ата пайғамбардан басқа Кітап, Парақ түскен пайғамбарлардың бәрі Қазз Ақтан кейін өмірге келгендер... Нұх (с.ғ.) Алладан аян алған кезде әке жолын тереңдікпен құптап кеме жасауын қолдаған ұлы осы Қазз Ақ болған – Қазақтың түп атасы. Оның бойына Аллаһ тағала аянды, дінді, Өзіне жақын рухтық қасиетті, ілім жолын сіңдірген. Арнайы Парақ иесі.   Қазз Ақ  көкке Қазз Ақ, Ақ қаз болып ұшып, Пірге айналып келгеннен кейін сол атты өшірместен ұрпақтарына қойды. Демек, Қазақ – Пір Қазз Ақ Атаның басын көтеріп, Қазақ ұлты атанған халық. Біздің ішіміздегі рухты, ілімді қорғаушы «Атажұртты» Алла аянмен, Құранмен  қорғап келеді. Міне, «Нұх (ғ.с.) пайғамбардан кейінгі дін тарихы Қазз Ақтан басталады, қазақ кім?»- деген әңгімеге жеткен нақтылы іліми дәріс-тұжырым.

Енді; «Дін неге қазақтың еншісінде?»- деген сауалға,  қазаққа түскен Парақтар тізбесі бойынша (Ақиретке дейін ғайыптан Парақ түсу тоқтамайды. Түскен Парақтар  толық нұсқасы баспа-басылым беттерінде жарық көрген. Б.А.) барынша қысқартылған жүйелі жауап. Қазақ – ұлт. Адамның ұлты  қанында, ұлтқа тән қасиет қанмен беріледі. Ұлтқа бағынбайтын дүние үшеу; Дін, Жаннат және Мый. Бұл - Алланың әмірі. Ұлттық тәртіп – мыйың мен тілің.

Ұлт - Жаннатқа жол. Алла барлық ұлтқа өз заманында азып тозған Араб халқын дін арқылы қалай тәрбиелегенін көрсетті. Дін – Адам Атадан соңғы пайғамбарға дейін бар болып, сол аралықта әр ұлтқа сансыз пайғамбарлар жіберсе, ал Мұхаммед (с.ғ.с.) барлық ұлтқа келді. Біздің Ата бабамыз соңғы пайғамбарды  іздеп барып ілім үйренді, елге – ұлтымыз қазақ, дініміз Ислам, өзіміз дәретпен таза жүруіміз керектігін егіп кетті. Алла өз дінін бұздыртпайды. «Ұлттық идеяның өзі – халықтың өзі жайлы ойлауы емес, Құдайдың халық жайлы ойлауы...». Ілім –ерекше ғылым»,163-ші бет, «Үш қиян» баспасы. 2017 ж). Демек, Ұлттық идея Құдайдың әр ұлт жайлы ойлап соларға ұстатқан мөрі. Бұл ретте Адам Атаның; «Йә, Алла тағалам, кешірші мені, жылатпашы. Жерге неге түсірдің, мен жерді көрген жоқпын, ол жақта сенсіз өмір сүре алмаймын... Үлгере алмадым сұрап Аллаһ, жібер пайғамбарларыңды,  үйретші,  уәдеңді орындашы... Лә Илаһа Иллаллаһ...» деп жерге түсердегі  салған зікірі бізге сабақ болуы керек...

Енді Алаш жайлы. Адам Ата жер бетіне оңайлықпен орныққан жоқ. Жер беті әу баста жындардың мекен жайы болған. Сол жындар; «Көктен патша келді»- деген хабарды естігенде, олар ібіліс тайпаларымен қосылып, жаратушыға қарсы шығып адамның ұрпағын жоюға кірісті. Осы қарсылыққа орай Алла дүниеге Алашты келтірді. Алаштың Алла берген қасиетін ұстануды Қазз Ақ өз міндетіне алған. Алаш деген кім? Алаш –  Адам Атаның ұрпағы. Алаштың ұстазы Адам Ата, Адам Атаның ұстазы Жәбірейіл. Адам Ата мен Хауа Ана көктен жерге түскен соң дүниеге келтірген жетінші ұрпағы, Алаш пен Береш аталған егіз ұлдың сыңары.  Алашқа берілген қасиет Адам Ата ұрпағы болғандықтан  ол – Пір.  Алаштың маңдайына жазылғаны Адам Атаның оң жағына шыға бастағанда 360 Пір жер бетіне оның несібесін әкелді. Алаш дінді Құдайдың аманаты деп қабыл еткен. Алаштың шынайы осы қызметін Құдай одан әрі оның ұрпақтарына дарытты. Алла Алашқа қасиетті жеті Жаннатты көрсетіп, бойына ұшып жүретін асыл қасиет қондырды. Ол Қырық бір Пір рухтың қасиетін қабыл еткен. Пайғамбар емес. Алашқа қарсы шығуға болмайды. Алашсың ба, Алаш атандың ба, Алаштай болуың керек.

Алаш Қырық Пірмен бастайды,

Сонымен тоқтайды.

Алтымен бітеді- дейді ілім жеткізген аңыз.

Алаш, Құрандағы аты аталған басқа пайғамбарлардан бұрын дүниеге келген. Алаштың өмір сүру Амал дәптері болған.  Оның осы жолы Қазақ халқына дарыған. «Алашқа тиіскен жауды – йә, ел жалмайды, йә, жер жалмайды». Бұл атам заманнан бері айтылып келе жатқан мұра нақыл.  Ол Пір болғандықтан белгілі бір мәселемен келген жан. Оған жер  бетіндегі мұсылмандар қалпын сақтап қалу үшін Пір қасиеті дарытылған.

Алаш Қырық бір Пір деп бастапты,

Онмен тоқтапты

Алтыға бел, Алладан сұрап беріпті- дейді. «Алтау Алаш»- деу  содан қалған. Алаш өлген жоқ, Алаштың жүрген-тұрған жері белгілі. Алаштың ұрпақтары Ұлы атанып қашан да Алла тағалаға қызметі өткен. Қазақтың Ұлы атануы Алаштан дарыған  қасиет, ұлағатты мұра жол. Бүгінгі күнге Атажұрт ұрпақтары айтатын осы аңыз, ескіден қалған аманат.

Алла барлық жерде өзін Қаламмен таныстырған. Тіпті, көкке  аңыз жазған. Осыны мал соңында жүріп терең ой баққан бабаларымыз  сол көкке қарап адам таңырқайтын аңыздар қалдырған. Түбі  жақсылыққа апартын мұндай аңызды шындық деп қабылдауымыз керек.

Дін – саясат емес, адамның (елдің) Ғайыптан алар қуаты, Тәңірдің сүйген құлын Жаннатқа жеткізуде алдын ала дайындаған сара жолы. Дініміз – Ислам,  басты құндылық  кітабымыз – Құран. Құранның әр қарпі – нұр, рух, әр аяты, әр сөзі, әр қарпі – тұнған тылсым, жұмбақ  қасиет. Қасиет пен бақ, имандылық пен қайырымдылық – Құран арқылы жалғасқан. Құранда Алла адамды өзінің орынбасары атаған. Демек, Адам – дін, оның  Әлімсақтан болмысында Алла тұр. Осыны біле тұра кейінгі кезде Үкіметіміз бар, депутаттарымыз бар, құрылып жатқан жаңа Құрылтай мүшелеріміз бар дінді саясатқа айналдырып шуылдап жатқандарына не жорық ?!... Құдайдың діні – құдірет. Сол құдірет екендігін  тұтас ұлт болып көріп отырмыз ғой. Елімізге егемендікті сый еткен кім? Жалғыз Жаратушы Алла тағала емес пе.  «Ей, адам баласы! ...сендерді ұлттар, рулар қылдық» («Хұжырат» 49 – 13)  - деп ескертіп қана қоймай өзі сый етіп берген мемлекетімізден, біз дінді неге бөлеміз? Құраннан алшақтық – тыныштығы жоқ қараңғылық. Құран қуаты – мың бірігіп көтере алмайтын тасты қозғайды, мың тоқтата алмайтын селді тоқтатады. Әр адамның жан-дүниесіне, мінезіне, қимылына, тілегіне сай ғана – Құдай енші-несібе береді.  Адам мен мемлекет дінмен – апатқа ұшырамайды, дінсіздіктен – апатқа ұшырайды. Елді ел ететін – дін.  Адамның ең үлкен қазынасы - ішіп жегенінде емес, ұстанған дінін терең білуінде. Діннен тыс - дінсіз тіршілік жасаймыз деу жай ғана тәкәппарлық, шолақ ойлылық.  Біз орыс пен қытайды немесе алыстағы АҚШ пен Батысты емес, Алланы пана тұтумыз керек. Біздің арқа сүйер күшіміз – Алла!  Қай елді болсын, өз мүддесі үшін ұмтылған  алпауыт елдер емес, Алла ғана жарылқайды. Бір оқ шығармай-ақ егемендікті сый еткен Құдай, қашан да елімізге Өзі қорғаушы.  Қазақ жері - біздің бауыр етіміз, содан жаралғанбыз. Исі де, суы да, тасы да бәрі біздікі.  Алла осы жерді қорғау үшін, дінін сақтау үшін ұлт батырларын берген. Дінді үйретер әулиелер  болса, батырларымыз Алланың қолдауымен әулиелерге айналған. Құдай Ғызырымен қосып көк сәлделі қарулы періштелерін қашанда олардың алдына салған. Елде Атажұрт діні күшті болса  жастарымыздың өмірге деген сенімі артып, бүгінгі бетімен кеткен коррупцияның тамырына балта шабылады. Ел еншісіне бұйырылып берілген ұлан асыр қазынасы да  халқымыздың өз игілігіне жұмсалынады...

Өткен жылы Президентіміз Біріккен Ұлттар ұйымының ең үлкен мінбесінен тұрып Исламға және басқа да діндерге қатысты  тағылық әрекеттерге қарсы мәселе көтеріп, Құранды вандализмнен қорғау туралы Үндеу тастады. Құран – Алланың жолы. Жаратқан Иеміз  дін қорғаны етіп бекіткен қазақ елін Ислам мемлекеті ретінде әлем алдында жариялап өркендетсек, елдің болашағы бұдан да кемел  жарқын болмақ.  Біздің мемлекет, Құранды паш етіп,  дін шырағын жоғары көтерген, өз дініне сенімі мол мемлекет болғаны мақұл. Мемлекет дінімен болса, ел иманды болса – халқымыз бақытты. Бұл – ұлттық идея!.  Аллаға аманаттап сенім артсақ, Құдай – өз дінін өзі жолға қояды. Дін иесі Алла, ол өз иелігін, өз дінін патша түгілі, өзінің сүйікті елшілеріне де бермеген. Пайғамбарларға; «Сенің міндетің еліңе дінімді қабылдатып, айтқанымды насихаттап жеткізу ғана. Менің  99 атымды оқысаң берекең кіреді. Ауа, ас саған қандай керек болса, дін де сондай керек»- деген.

Бүгінде  әлем елімізді мұсылман мемлекеті ретінде танып отырғанда, қазақ жат жұрттық діндерден арылып, дәстүрлі өз дінімен болуы  керек. Дін – бөтен елден көшеттелмейді, Алла бұйыртқан жерде,  топырағында, ұлтына, оның дәстүріне қарай өсіп өнеді. Дін – Алланың сөзі, тірі. Діннің иесі – Алла, қожасы - соны ұстанатындар. Үкімет дін туралы Заң қабылдар болса оны діңгегіндегі діні мықты азаматтарға  дайындатып, қазіргі қолданыстағы көрші елдердің көшірме жамау заңдарынан құтылу керек. Дін жаратылысында ұлттан, тілден  бұрын келгендіктен Ата заңымыздың Биссіміласында Дініміз Ислам, әлемдік діндер мойындалады.. деп жазылса қазіргі дінді саясатқа айналдырғысы келіп жүрген құйтыртқы сұрқия саясаткерлер мен діннің атын жамылып жүрген жасанды ағымдардан арылар едік...

Адамның да, елдің де тамыры мен қасиеті – дінде. Дін кетсе, адам мен елден қасиет кетеді, бұл – Көктің белгісі.   Кезінде Нұх өзінің Қазз Ақ  баласына; «Қасиетіңді тереңдет. Сені сол үшін мен Тереңдет атадым. Дініңді тереңдете білсең ғана жұрт болып қалады қауымың...»- деген. Біз, тұтас халық болып; «Біз шынайы Ислам дінін қорғайтын халықпыз»- деп  әлем алдында өз еркімізді жария етуіміз керек. Іліми мақала соңы, нағыз Құрылтай қарайтын мәселеге айналып кеткен сияқты.

«Нар тәуекел!» деп Құрылтайдың қауқарын көру үшін Аллаға аманаттап онда да жібергенді мақұл көріп отырмын...

Мақала соңын «Қазақ, Алаш жайлы бұл деректі ілімді қайдан алып жаздың?» дегендерге бүгінгі күні қолымыз жетіп, баспадан шығып жатқан; «Ұлы Қазақ еліне   түскен Пір туралы ілім» кітабынан алынған мына үзіндіні жеткізе отырып ілімді қорытқанды мақұл көріп отырмын.

«...Алаш жасы отыз жеті жасқа келгенде,  кезінде өзін ұрлап кеткен жын қауымы мұны өздеріне патша етіп сайлады. Олардың ондағы амалы баласының қолымен  Адам Атаны өлтіру болатын. Оны жасынан әкесіне жолықтырмай солай тәрбиеледі. Алаштың бойындағы қуаты, тапқырлығы, ойының жүйріктігі басым еді.  Ол жындардың тәрбиелеп айтуымен Адам Атаны аңдыды. Алғашқы күні  келіп көргенде Адам Атаның тізерлеп отырғанын, екінші күні келіп қарағанда еңіреп, алақанын жайып жылап отырғанын, үшінші күні келгенде басын жерге қойып,  көкке қарап бірдеңе сұрап жатқанын көреді.

Сол көріністен соң Алаш жындарға; «Сендер патша деп  маған табынып жатсыңдар. Неге мына отырған жаратылыс, көкке, аспанға қарап табынып жатыр? Демек, менен басқа да патша бар ғой. Ондай болса мен бұл жанды өлтірмей тұрып  тірі кезінде сұрайын, ол табынған патшасы кім екен. Сол патшасын өлтіріп, сосын барып өзін өлтірейін- деген екен. Жындар  құтырып; «Жоқ, сен  оны тілге келтірмей ертерек өлтірмесең болмайды, ол патша емес. Сен ғана жер бетінде ұлық  патша. Ол ештеңені ұқпайды, көктен не күтетінін де  білмейді...»- дейді. Солай арада біраз уақыт өтеді.

Тоғызыншы рет өлтірмекші болып қайта барған кезде, Алаштың жүрегі елжіреп Адам Атаның неге еңіреп  жылап жатқандығын сезеді. «Ал, Аш»- дедің ғой Алла, айтқаныңды жасап алақанымды аштым, тағы; «Бер, Өш (Еш)»- дедің Алла. Осы Алаш пен Берештің  жақсылығын көрмедім. Берештің  бойындағы қылық маған сынақ болар. Сенің айтқаныңды ұқтыра алмадым, «Тәңір бар» десем «Жоқ» дегенді айтатын болды- деп еңіреп жылап, алақанын ашып; «Йә, құдіретті Жаратқан ием, адам болып аталғалы, ұрпақты сүюге, соларға деген мейірімімді күшейттің. Бірақ, балама деген махаббатымды өзіңнен артық қылмадым. Сенен артық ешкім жоқ, бірақ ұрпағымның исі мен жүзі менің көз алдымда тұрады. Оның  амандығын маған көрсетші. Мен қайтсем де жерге күнәлі болып түскен соң сенің алдыңда ақталамын. Берешке үйрете алмаған дүниемді Алашқа үйретер ме ем...» деп егілді.

Қолына ұстаған сойылымен басынан соғамын деген ойда болған Алаш сол кезде өзінің қатыгез ойынан қайтты. Айналасындағыларға; «Бұл адам «Алаш дейді,  Береш дейді», олары кімдер? Ол жоғалтқанын сұрап жатыр, менен емес, сендерден емес, көктегі біреуден. Демек, сендер мені алдап жүрсіңдер, мен сендерге сенбеймін. Мен бүгін өзіне барып көкте кім тұрғанын сұраймын, Соған жетемін!..»- деген екен.

Алаштың осы қатаң дауысы мен бойындағы қаталдығы әлгі жындарды тырп еткізбепті. Онбірінші рет тағы келіп жақындағанда Адам Ата теріс қарап тұрғанда, Алаш; «Ей, Жаратылушы, сен кімге  табынып тұрсың, мен ғой сенің патшаң, артыңа қара»- дейді. Сонда Адам Ата; «Менің қаншама ұрпағым осылай  артыма келіп айтады, «Маған табын, Алла жоқ- дейді, Басымды кесіп тастасаң да Құдайдың бар екендігін, қарсы шықсаң да Жаннаттың бар екенін айтамын. Бүгінгі ұрпағым ұқпаса, басқа ұрпақ сұраймын Одан. Құдіретті Алланың берген сынағына мен шыдаймын, Алла маған қанша ғұмыр береді, соншалық көкке қарап мен басымды иемін...»- дейді,

-Ей, көкте кім бар?

-Көкте мені және сені жаратқан Құдай бар. - Әсте, Адама Ата бұл сөзді айтып жатқанда артына қарамайды да.

-Неге  сен тізерлеп отырсың?

-Мен оны сағынамын.

-Неге басыңды идің?

-Мен одан кешірім сұраймын.

-Неге кешірім сұрайсың?

-Мен күнәлі болып сол көктен түстім. Бүгін сұрасаң да, ұйықтап жатқанда оятып сұрасаң да, ертең сұрасаң да, менің ұрпағыма айтарым осы.

-Берешің кім?

-Береш те ұрпағым, Құдайдың бар екенін оған жеткізе алмай жатырмын. Ол да менің сынағым- дейді. Содан кейін барып Алаш;

-Алаш кім?- дейді.

-Алашым көзімнің қарасы, Алла тағаланың сынағы еді ол да, көріп қана исін иіскеп үлгердік, қарғыс атқан жын тайпалары туылғанда ұрлап кетті. Ол хабарды маған Жәбірейіл  жеткізді. Келе ме ол, келмей ме, оны бір Алланың өзі біледі. Амандығын сұрап жатырмын...- деп көз жасын төккен екен. Сол кезде Алаш та онымен бірге тізерлеп отырғанын байқамай қалды. Жаңағы Адам Ата жылағанда көзінен жас шығып, кеудесінің қысқанын, басын игенде өзі де басын игенін тағы байқамады. Сол кезде Адам Ата ақырын көзінің қырымен қарап;

-Сенің әсеріңді ерекше сезіп тұрмын, ұрпақтың нағызы- деп білемін, Кәдімгідей үлкенсің, Құдай деп сұрап тұрсың, Құдай туралы қазір ғана ұғып тұрсың, қайда жүрдің?- деп бұрылғанда, өзінен айнымаған, қасы көзі қосылып, кірпік, қасына дейін өзінен айнымаған ұлын көреді.

- Е, құдірет, Алашым осы. Демек, Құдай сен маған, Алаш деп қойдырғаның «Менен алар аласың осы, Құдайды айтатын ұрпақ» -деген екенсің. «Берешің болса шыдағын, сабырлығың болсын- деп Берешті де берген екенсің. Мынау менің Алашым ғой, мен оны таныдым- деп еңіреп құшақтап баласын жылапты.

Сонда сол кездегі Адам Ата өз бойындағы күш қуат, қанша ірі үлкен болса да, Алаштан әлде қайда әлсіз екенін көреді. Алаштың бойына қуат  тікелей Құдайдан келіп жатқанын байқайды. Құшақтап жылағанда баласы Алаш та алғашқы рет адам қалпында жылағанды көреді. «Мен Құдаймын деме, Құдай біреу бізде, Мен  әкең, Ата жұртыңмын».

Алаш осылай өз әкесін құдіретті Құдайға құлшылық жасап жатқан жерде көрді. Алаш деп Алла айтқан. Алашқа Алла қасиетті отыз жетіге толған кезде ғана өзінің қызметін жасаттырып, жын тайпасының істеген қылығы мен мінездерін көрсетіп барып Алла оған дінді үйреткен.

Сонымен, Алаш өзін тәрбиелеген жын тайпасын қарулы күшімен, ақылымен, Құдайға деген сенімімен қайтадан Аллаға   табындырған. Алаш Адам Атаның жетінші ұрпағы. Құдіретті Алла оның әкесіне деген сағынышын қабыл етіп, өле өлгенше, бүгінге дейін, ахиретке дейін, Алланың айтқан әмірін орындайтын қасиетті рух еткен Пір әулие... Ол пайғамбар емес.

Алаштың асыл қасиетіне орай құдіреті күшті Құдай оның тілеуімен күллі Жаннатты көрсеткен. Алаштың қасиетіне тең келер қасиет жоқ. Оның дінсіздерге, жындарға, арбайтын басқа жаратылыстарға Алланың әмірімен көрсететін қарулық қасиеті өте зор. Одан тарқаған қасиет бүгінгі қазақ атымен аталатын Қазз Ақ ұрпақтарына берілген.

Алаш қырық бір деп бастапты,

Онмен тоқтапты

Алтыға бел, Алладан сұрап беріпті- дейді. «Алтау Алаш»- атау  содан қалған. Алаш өлген жоқ, Алаштың жүрген, тұрған жері белгілі.  Берештің ұрпақтары болса бүгінгі күнге дейін ахиретті, Құдайды мойындамай кеткен ұрпақтар. Алаштың ұрпақтары Ұлы атынып Алла тағалаға қызмет етіп өткен тайпалар. Қазақ халқына дарыған қасиеттің бірі Алаштан келген жол. Бүгінгі күнге, бүгінгі таңға Атажұрт ұрпақтары айтатын ескіден қалған аманат аңыз. Аңыз, қай кезде де шындықты айтады. Алла адам  затына барлық жерде өзін Қаламмен таныстырған. Тіпті, көкке аңыз жазған. Мұны түсінген ойы терең біздің ата  бабамыз, Ата жұртымыз болған. Олар малымен бірге ой баға жүріп,  көкке қарап қаншама адам таңырқайтын аңыздарды қалдырған. Бізге жеткен сол аңызды шындық деп қабылдауымыз керек.

Өз кезінде ақиқатқа көзі жетіп,  өзін ұрлап кетіп отыз жеті жыл тәрбиелеген жындар қауымын да күшпен тәубаларына келтіріп, Алланың дінін қабылдатқан, Алаштың рухы қазақ жеріне қайта оралып, төрге  жайғасты. Қазаққа не айтып, не қоярын алдағы уақытта Алланың әмірімен жеткізер оның аян ілімдері мен Өсиеттерін несіп етсін. Ал бүгінге айтпағымыз, Қазз Аққа рух болып қонған үлкен рух Алаштың Атажұртқа оралуына орай «Қош келдің баба рухы, Алланың әмірімен оралған қадамың  баянымен болсын...» деп дұға тілеу ғана...

Бақтыбай Айнабеков,

Ілімгер-жазушы

Abai.kz

0 пікір