Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 1354 0 пікір 13 Ақпан, 2026 сағат 14:53

Ою-өрнектеріміз ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

Сурет: Kazgazeta.kz сайтынан алынды

Қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнегі халықаралық деңгейде мойындалды. 11 ақпанда өткен Ислам білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында ұлттық өрнек ресми түрде ұйымның мұралар тізіміне енгізілді.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің пікірінше, ою-өрнек – ұлттық мәдениетіміздің негізгі этномәдени коды, тарихи сабақтастығымыз бен бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететін маңызды элемент. Оның ИСЕСКО тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі үлкен жетістік болып саналады.

Ою-өрнектің ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі – Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам. Бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған болатын. Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу жұмысы жалғасатын болады, - деп жазды Ерлан Қарин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2744
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1863