Жексенбі, 4 Қазан 2026
Жаңалықтар 1141 0 пікір 16 Ақпан, 2026 сағат 15:25

Даңқты спортшы Сабыржан Махметов өмірден өтті

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Жекпе-жек әлеміндегі аса беделді мамандардың бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды Жекпе-жек федерациясы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол  кикбоксинг пен жекпе-жек өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, халықаралық деңгейдегі спортшыларды тәрбиеледі. Сабыржан Ғалымжанұлы кәсіби біліктілігімен, талапшылдығымен және спортқа деген адалдығымен ерекшеленді.

Оның жетекшілігімен талай саңлақ шыңдалып, ел намысын абыроймен қорғады. Спортқа сіңірген еңбегі мен адамгершілік болмысы әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Сабыржан Махметовтің қайтыс болуы – қазақ әрі әлемдік спорт үшін орны толмас қаза. Оның есімі жекпе-жек тарихында мәңгі сақталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 669
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 951