Ақпараттық агенттік жүргізген сауалнама барысында заң бұзушылық анықталды
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты «Журналистская инициатива» ЖШС-не қатысты ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу) істі қарады.
2026 жылғы 11 ақпанда «Уральская неделя» («Журналистік бастама») басылымының Telegram-арнасында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге қатысты қоғамдық пікір сауалнамасы жарияланды.
Істің мән-жайы келесідей. 2026 жылғы 11 ақпанда «Уральская неделя» «Журналистская инициатива»ЖШС) Telegram-арнасында 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге қатысты қоғамдық пікір сауалнамасы жарияланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Орталық сайлау комиссиясын алдын ала жазбаша хабардар еткен жағдайда, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге құқылы.
Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және өзге де жауапкершілікке әкеп соғады.
Бұл талаптар референдумды дайындау және өткізу кезінде ашықтықты, сенімділікті және тең жағдайды қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауға бағытталған.
Сот сауалнаманың жариялануы заң талаптарына сай емес деп тапты. ЖШС-ның кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде әкімшілік іс қозғау туралы қаулымен және жарияланған басылымның скриншоттарымен расталады.
Сот шешімі: ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігі бойынша айыппұл салу заңды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
Сот қаулысымен «Журналистская инициатива» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 129 750 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Abai.kz