Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1475 0 пікір 20 Ақпан, 2026 сағат 15:37

Екпе алмаған балалар мектепке уақытша кіре алмайды

Сурет: Казахстанская правда сайтынан алынды.

Тиісті қаулыға еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды.    

Қызылша анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шара инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған.

Құжат 19 ақпаннан бастап күшіне енді.

Қаулыға сәйкес, білім беру басқармаларының басшылары балаларды вакцинамен қамту деңгейін кемінде 90%-дан төмен түсірмеуді бақылауға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күн сайын "таңғы тексеріс" жүргізуге міндетті.

Яғни, таңертең оқушылар мен педагогтер тексеріліп, ауру белгілері бар адамдардың ғимаратқа кіруіне жол берілмейді. Сонымен бірге ата-аналарға иммундаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.

Осылайша қызылша тіркелген жағдайда екпе алмаған балаларды балабақша мен мектептен уақытша шеттету тапсырылып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1521
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3136
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1133
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1051