СҚО-да журналистік этика жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды
Петропавл. 23 қазан. ҚазТАГ– Солтүстік Қазақстан облысында журналистік этика жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
Мұндай шешім ҚР Журналистер одағының облыстық филиалы мен журналистерді қолдау «Әділ арқа» қоғамдық қоры бірлесіп өткізген дөңгелек үстелде қабылданды.
«Әділ арқа» ҚҚ жетекшісі Зәуре Жұмалиеваның айтуынша, бұл кеңес «журналистер мен олардың жазған кейіпкерлерінің арасындағы туындауы мүмкін шиеленісті сотқа жеткізбей реттеу үшін» құрылып отыр. Ондай жағдай егер шиеленуші екі жақ та кеңеске жүгіну қажет деп тапса болуы мүмкін.
«Бұл өзінше үшінші тараптың соты болмақшы», - дейді этика жөніндегі кеңес мүшесі заңгер Павел Астафьев.
«Кеңес тек журналистік ұйымдармен құрылып отырғаны, біз тек журналситерді қорғайды дегенді аңғартпайды. Журналистердің өздері де дұрыс болмайтын жағдайлар болады ғой», - дейді ҚР Журналистер одағының облыстық бөлімше төрағасы Галина Воробьева.
Журналистік этика кеңесіне Галина Воробьева, Зәуре Жұмалиева, Павел Астафьев, «КарТел» компаниясының БАҚ-тармен байланыс маманы Сергей Залевский мен «Око» газетінің меншікті тілшісі Вера Гаврилко кірді.