Данияр Әшімбаев: Жаңа Конституцияны қолдау науқаны қоғамдық белсенділікті арттыру кезеңіне өтті
Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің Telegram-арнасында жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған үгіт-насихат науқанының барысына жан-жақты талдау жасап, оның шешуші кезеңге аяқ басқанын мәлімдеді.
Жақында партияаралық диалог өтіп, тіркелген жеті саяси партияның барлығы жаңа Конституция жобасын бір ауыздан қолдап, конституциялық үдерістің толыққанды қатысушысы екенін көрсетті.
Социологиялық сауалнамалар деректеріне сүйенген Әшімбаев халықтың басым бөлігі жаңа жоба туралы жеткілікті деңгейде хабардар екенін және оны қолдайтынын атап өтті. Сонымен бірге ол қазіргі жастар арасында қолдау білдіру әрдайым жеке қатысумен ұштаса бермейтінін айтты.
«Күн сайын өңірлерден коалиция белсенділерінің үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқаны туралы жаңалықтар шығып жатыр», - деп жазады ол.
Саясаттанушының айтуынша, келесі кезең – сайлаушыларды жұмылдыру.
«Келесі кезеңнің негізгі міндеті – желідегі ақпараттық шудың сақталуына қарамастан, позитивті көңіл күйді жоғалтпай, азаматтарды 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға жұмылдыру. Кез келген сайлау мен референдум дәстүрлі түрде элита мен қоғам үшін мемлекет басшысы мен оның саясатына деген сенім көрсеткіші ретінде қабылданады», – дейді саясаттанушы.
Ол үгіт-насихат науқаны 12 ақпанда басталғанын және қазір оның ортасынан асқанын еске салды.
«Ақпанның екі аптасы өтті, енді наурыздың екі аптасы қалды (“тыныштық күнін” есептемегенде)», — деп, саясаттанушы науқанның аралық қорытындысын шығаруды ұсынды.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан алғанда, оның мәліметінше, қоғамдық-саяси күштерді біріктіру және жұмылдыру мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты дәстүрлі жалпыұлттық коалиция құрылған. Оның құрамына барлық парламенттік партиялар мен көптеген ұйымдар енген.
Саясаттанушының жазуынша, науқан бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп келеді.
Бірінші бағыт – халықты ақпараттандыру.
«Қазіргі ақпараттық кеңістікте кез келген ақпарат А нүктесінен В нүктесіне күтпеген жолдармен жетеді, кейде мүлде жетпей қалуы немесе кешігіп баруы мүмкін. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтатындай, “уақыт күтпейді”. Сондықтан жұмыс барлық мүмкін аудиторияны қамтуға бағытталған — өңірлер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдары және ірі еңбек ұжымдары», — деп жазады ол.
Бұл процеске қоғамдық ұйымдармен қатар мемлекеттік органдар да қатысып, өз ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Екінші бағыт – Конституция жобасының басым тұстарын түсіндіру.
«Бұл жерде Конституциялық комиссия мүшелері, Парламенттің екі палатасының депутаттары және партиялық белсенділердің әлеуеті пайдаланылуда. Олар ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін қарапайым тілмен жеткізе алады. Жоба жай ғана үгіт ретінде емес, нақты маркетингтік тәсілдер арқылы ілгерілетілуде. Ол “халықтық конституция” брендімен ұсынылып, “Әділетті Қазақстанды” құру идеяларын насихаттаумен қатар жүруде», — деп атап өтеді Әшімбаев.
Үшінші бағыт – қарсы насихатқа жауап беру.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі “бүлінген телефон” қағидасымен қатар ұсынылған реформаларды сынаушылар мен кәсіби “троллингпен” айналысатындар да белсенді болды», – дейді саясаттанушы.
Оның айтуынша, талқылаудың алғашқы сағаттарынан бастап жобада жоқ өзгерістерді жоққа шығару және қате немесе әдейі бұрмаланған түсіндірулерді түзетуге көп уақыт кеткен. Бұл жұмысқа құқық қорғау органдары да қатысып, арандатушылық әрекеттермен күрес жүргізіп жатыр.
Саясаттанушы кез келген қоғамда реформаның жүз пайыз қолдауға ие болуы мүмкін емес екенін атап өтіп, пікірталас барысында қорлау, жала жабу және арандатушылық үндеулерге жол берілмеуі маңызды екенін айтты.
Оның бағалауынша, соңғы екі апта ішінде барлық үш бағыт бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Жүздеген, тіпті мыңдаған кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен брифингтер ұйымдастырылып, түрлі форматтағы визуалды контент кеңінен таратылған.
Сондай-ақ пікірталас форматындағы жұмысқа ерекше назар аударылған. «Конституциялық белсенділер» жобаны таныстырумен қатар қате түсіндірулерді түзетіп, аудиторияның әлеуметтік құрамына және сұранысына қарай жауаптарын бейімдеуге мәжбүр болған. Бұл жұмыс кейде өте күрделі болатынын да атап өтті.
Әшімбаев жастармен жұмыс істеу жаңа тәсілдерді талап ететінін айтты. Оның сөзінше, «зумерлер», «миллениалдар», креативті және цифрлық жастар сияқты аудиториялармен байланыс орнату үшін заманауи әдістер қолданылған.
Науқан аясында жасанды интеллект технологиялары пайдаланылғанзаманауи бейнеконтент әзірленіп, қалаларда еркін форматтағы ірі қоғамдықакциялар мен форумдар өтті. Сонымен қатар интерактивті сервистер мен геймификация элементтері енгізіліп, тақырыптық викториналары бар чаттаріске қосылған, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көптеген парақшаашылған.
Осылайша, Данияр Әшімбаевтың пайымдауынша, жаңа Конституция жобасын қолдау науқаны соңғы кезеңге өтіп, ендігі негізгі міндет –азаматтардың референдумға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
Abai.kz