Header Banner
Сенбі, 7 Наурыз 2026
Жаңалықтар 145 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 20:12

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала танысаалады

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Онда азаматтарелдің жаңа Конституциясы жобасына қатысты өз ұстанымын білдіреді.

 

Дауыс беру күніне дейін қазақстандықтар құжаттың мазмұнымен жан-жақты таныса алады. Конституция жобасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының ресми сайтында жарияланған. Ондакез келген адам ұсынылып отырған өзгерістер мен түзетулерді оқи алады.

Жобаны жариялаудағы басты мақсат – алдағы референдумның ашықтығымен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарға Ата заңның барлықбаптарын мұқият зерделеуге мүмкіндік беру.

Еске салайық, республикалық референдум – халықтың тікелей ерік білдірунысандарының бірі. Оның нәтижесі конституциялық өзгерістердің одан әрі бағытын айқындап, елдің саяси және құқықтық жүйесінің дамуына әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, құжат мәтінімен алдын ала танысу азаматтарға дауыс беру кезінде саналы шешім қабылдауға және ұсынылып отырған реформаларға қатысты өз пікірін қалыптастыруға көмектеседі.

Abai.kz

0 пікір