Header Banner
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2026
Ақмылтық 144 0 пікір 11 Наурыз, 2026 сағат 15:17

Әлемдегі геосаяси қақтығыстар: Қазақстанның рөлі қандай?

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Соңғы төрт жылда дүние алатайдай бүлінді. Саяси, мәдени, экономикалық, әскери мүддеден туындаған соғыс ошақтары өшудің орнына, жылқы жылында қайта қоздады.

Бұдан төрт жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2022 жылы 24 ақпанда Ресей президенті Путин тарихы, діні - бір, туыстас Украинаға «арнаулы әскери операциясын» бастағанын жариялады.

Бұл соғыс Кеңес одағы ыдырап, дүние социалитік және капиталистік болып екі үйекке бөлінген «қырғи қабақ» соғысынан кейін орнаған әлемдік тыныштықты бұзды. НАТО мен Ресейдің арасы ушықты. Жаһандық геоатмосфера да басқаша сипат алды.

Әсіресе Кремльдің халықаралық қауымдастықтар мойындамаған референдум арқылы Украинаның 4 облысының тәуелсіздігін мойындауы – Қазақстан үшін де сын-сынақ, көмескі әсері бар еді. Себебі Кезінде одақ құрамында болған Украинаның да, Қазақстанның да тәуелсіздігі БҰҰ деңгейінде, халықара мойындаған қағидаттар негізінде бекітілген еді. «Бөліп ал да, билей бер» ұстанымы көп ұлтты, Ресеймен 7500 шақырым шекарасы бар Қазақстан үшін де қауіпті еді.

Кәнігі дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеде жалтақтамай айқын позиция танытты. Сол жылы Санк-Петрбуркте өткен Экономикалық форумда төрт облыстың тәуелсіздігін мойындамайтынын Путиннің көзінше ашық айтты. Жаһан жұрты куә болды. Шетелдік саясатшылардың кейінгі туындаған геосаяси текетірестерде Қазақстанның майданын пайымдауына даңғыл жол салып берді.

Одан беріде ел билігі сол ұстанымынан айныған жоқ. Украина тағдыры сынға түскен халықаралық эреналарда өткен тағдыр шешті жиындарда өзінің бейтарап көзқарасын ұстанып, екі тарапты соғысты бейбіт келіссөздер арқылы шешуге үндеп, керек болса алаң дайындайтынын білдірумен келді. Ақорданың бұл ұстанымының дұрыс екенін уақыт өзі дәлелдеді. Жауласқан Ресей мен Украина соңғы кезде АҚШ президенті Трамптың араағайындығымен келіссөздерге отырды. Кей мәселеде ортақ түсінікке келе алмағанымен, түбі ортақ түсінікке келері анық.

2023 жылы қазанда мыңдаған адамның өмірін қиған ХАМАС радикалды тобының Израильге ел күтпеген шабуылынан кейін Газадағы жағдай нашарлап, дабыл қағарлық деңгейге жетті. Қазақстан мың жылдықтардан келе жатқан бұл жолғы қақтығыста да жағдайды БҰҰ-ның ортақ қағидаттары негізінде бейбіт келісім арқылы реттеу бағытын ұстанды. Израиль шабуылынан баспаналары жермен жексен болған, су мен азық-түлікке зар болған Газа тұрғындарына гуманитарлық көмекті аямады.

Былтыр жазда Ақ үй басшысы тарихы тереңде жатқан соғысты тоқтатудың келісім-шартын ұсынды. Қазақстанда оны қолдан, биыл ақпанда Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» ресми мүше болып, президент Тоқаев өз бастамаларын ұсынды.

Қазіргі кезде Каспий теңізінің аржағында кескілескен соғыс болып жатқаны мәлім. Израиль мен АҚШ-тың Иранға жаппай шабуылынан күллі Таяу Шығыс сілкініп тұр. Араб елдерінде АҚШ-тың 27 әскери базасы бар екені белгілі. Әне солар Иран зымыраны мен дрондарының негізгі нысанасына айналды. Соққының әсерінен әлемнің туристік орталығы, мұнай базасы болған Орта Шығыстан тыныштық кетіп тұр.

Әлемдік нарықта жанармай бағасы шарықтады. Мұнайлы ел ретінде Қазақстан да ОПЕК аясында сәуірден бастап мұнай өндіруді көбейтуді қолға алады.

Қазақстан экеномикалық жақтан айтқанда Иранмен сауда серіктес. ШЫҰ негізінде  аймақтық қауыпсіздік шарттарын мойнына алған.

Солай бола тұра Қазақстан бейтарап майданынан айнымай Иранның айналасындағы елдердегі азаматтық нысандарға шабуылын айыптады. Ұстамды болуға шақырды.

Қазақстанның сыртқы бағытта ұстанған көр векторлы саясаты геосаяси сындарда өзінің дұрыс бағыт екенін дәлелдеп келеді десек артық айтқандық болмайды.

Abai.kz

0 пікір