Сәрсенбі, 27 Мамыр 2026
Асқанға - тосқан 474 0 пікір 26 Мамыр, 2026 сағат 20:48

Астана полициясы: Ескерткішті қорлағандар жауапқа тартылады!

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Бүгін журналист, аудармашы, жазушы Дүйсенәлі Әлімақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Астана қаласындағы қаламгерлер алеясында болған келеңсіз оқиғаның видеосын жариялады.

Онда белгісіз бойжеткендер Алаш арыстарына, қазақтың көрнекші қаламгерлеріне арналған ескеркіштің мойнына мініп, есірік қылықтар жасаған.

Бұл бейне жазба әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа дереу тарап, қоғам наразылығын тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары вандализм әрекеттерін жасаған бойжеткендердің тәртіптік жазаға тартылуын талап етуде.

Ал видео авторы Дүйсенәлі Әлімақын: «Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып «бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме?» десем, көздері адырайып: «Что, что», - деуден ары аспады. Бұл басыну ма әлде надандық па?», - деп жазды.

Осы оқиғаға байланысты, біз, Abai.kz ақпараттық порталы Астана қаласының Полиция департаментіне сұрау салдық. Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне болған жайды баяндап, қоғамдық тәртіпті бұзып, Алаш арыстарының ескерткішін «қорлағандардың» жауапқа тартылуын талап еттік.

Астана полициясының баспасөз қызметі бізге былай деп жауап қайтарды:

«Иә, біз болған жайдан хабардармыз. Қазір тәртіп бұзған тұлғаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іс Астана полициясының наразына алынған. Сөзсіз, кез келген құқық бұзушылық жауапсыз, жазасыз қалмайды. ҚР заңнамасында көрсетілгендей, ескерткішті «қорлаған» тұлғалар анықталып, жауаптылыққа тартылатын болады», - деді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3187
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2278