Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Әне, көрдің бе? 1626 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 13:49

Қырғызстан: Қамшыбек Ташиев тергелуде...

Сурет: vb.kg сайтынан алынды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Ташиев елдің Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасына жауап алуға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлауда.

Дереккөздердің мәліметінше, Ташиев ІІМ ғимаратына жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да келген.

Ел ішінде «екі дос» аталып кеткен Жапаров-Ташиев тандемі қақ жарылған соң, Жапаров Ташиевті барлық қызметтен алған соң Қамшыбек дереу елден кеткен. Ал Жапаров ол басқарған ҰМҚҚ құрылымын түбегейлі өзгертіп, кейбір құқық-құзыреттерін бөліп тастаған. Оған қоса, Ташиев кадрлері мен Ташиевке жақын шенеуніктер жаппай қызметтерінен алынған. Ташиевтің туыстары да қызметтерімен қош айтысып, кейбірі тіпті жемқорлық ісі бойынша жауапқа алынған.

Осының алдында Ташиевтің суретін ұлы Таймураз әлеуметтік желіге жариялаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 650
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1930
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 481
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 449